Ағылшын тіліндегі етістіктің шақтық формаларының жасалуын үйретудің тиімді тәсілі.

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ағылшын тілін оқып үйренуде оқушыларға елеулі қиындық тудыратын грамматиканың бір саласы – етістік. Етістік іс – қимылды, әрекетті білдіре отырып, осы іс - әрекеттің сөйлеушінің сөйлеп тұрған сәтімен байланысты өту кезеңін де көрсетеді.

 

Қазақ тіліндегі тәрізді ағылшын тілінде де етістіктің жақ, сан, шақ категориясы бар. Негізінен етістіктер жекеше түрде осы шақта 3 – ші жақта ғана өзгеріске ұшырайтындықтан, етістіктің жақ категориясы көп қиындық тудырмайды. Тек to be етістігінің жіктелу ерекшеліктерін есте сақтау керек.

 

Ал, шақ категориясы өте күрделі. Active Voice –те 16 шақтық форма, Passive Voice - те 10 шақтық форма. Осы шақтық формалардың барлығын бір – бірімен шатастырмай жаттап алу оқушыға қиындық тудырады.Мұғалім міндеті – оқытудың неғұрлым тиімді әдіс – тәсілін қолдана отырып, оқушыны өздігінен , қызығушылықпен жұмыс істей білуге үйрету. Шақтық формалар белгілі бір қағиданы сақтай отырып жасалады. Осы қағиданы оқушыларға жете түсіндіріп берсе, бұл оқушының материалды меңгеруін оңайлата отырып, осы шақтық формаларды  оқушының өзі саналы түрде жазып шығаруына мүмкіндік береді

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 58 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 139

Похожие материалы