«Қазақ даласында туған тарихи шығармалар». 10 сынып

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға қазақ даласында туған шығармалар- «Тарих-и Рашиди», «Жылнамалар жинағы», «Шыңғыснама» еңбектерінің қазақ тарихы үшін маңыздылығын көрсету.

 

ә) Дамытушылық: XVI-XVII ғасырлардағы тарихи шығармалардың Қазақстанның тарих ғылымы үшін маңыздылығын құнды деректер болып табылатынын түсіндіру.

 

 

б) Тәрбиелік: Оқушыларды білімге, ізденуге деген ынтасын тудыру, Отанына сүйіспеншілікке , достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО жобасымен

 Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, географият.б.

Көрнекілік: Әдеби тарихи шығармалар,мультимедиалық тақта, сызба, ғалымдар портреттері, XV-XVIIғ. Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:

I.                   Қызығушылықты ояту.

II.                Мағына тану.

III.             Толғаныс.

 

Сабақтың жоспары:

1.     «Тарих-и Рашиди».

2.     «Жылнамалар жинағы».

3.     «Шыңғыснама».

4.     «Әбілғазы шежірелері».

 

 

I.Қызығушылықты ояту.

   а) Жуан-жіңішке сұрақтар .Үй тапсырмасын пысықтау.

1.Ортағасырлардағы қазақ тарихынан, әдебиетінен құнды мағлұмат беретін кімнің еңбектерін білесіздер?

2. Жазба әдебиет мұрасынан қандай еңбектерді атай аласыздар?

3. «Қорқыт ата», « Оғызнама «, «Кодекс Куманикс» ескерткіштері туралы не білесіңдер?

4.Әл-Фарабидің ғылым мен білімге қосқан қандай жаңалықтары болды?

5. Жүсіп Баласағұнидың еңбектері мен өмірі туралы не білесіз?

6. Қ.А.Йасауидің еңбектерінің мәні неде?

7. М. Қашқари «Диуани лұғат-ат-түрк» ғылыми еңбегі қандай маңызға ие болды?

8. Сайрам мен Түркістан қалаларынан шыққан қандай даналар белгілі?

9. Баршыкент, Сығанақ қалаларынан қандай ғалымдар шыққан?

10. Орта ғасырларда рухани мәдениеттің дамуы қандай бағытта жүрді?

  

   ә) Символдар көрнекілік.

    1.Тақтаға назар аударайық бұл тарихи бейнелер кімдер?

    2. Аты аталған тарихшылардың қандай еңбектерін білесіздер?

       Оқушылар өз жауаптарын береді.

 

Байтақ тарихымызды тұлғалар тарихы құрайды.Қазақта әр елге патша болғандай ел тұтқалар,тұлғалар, даналар, тектілер, кемеңгерлер, көсемдер көп болған. Мектеп, университет көрмеген бұрынғы бабаларымыздың тұла бойлары тұнған даналық еді.Анығында халық тарихының тұнық бастауы, қайнар көзі атадан –балаға, ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей айтылып келе жатқан тарихи шежіресінде жатыр. Солардың ең құнды тарихи көздері бүгінгі сабағымызда сөз болатын: «Тарих-и Рашиди, «Жылнамалар жинағы», «Шыңғыснама», «Әбілғазы шежірелері» болып табылады. Осы шежірелермен танысу үшін енді оқушылар сабақ жоспарына сәйкес төрт топқа бөлініп отырайық. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 80 Kb
Количество скачиваний: 51
Просмотров: 266

Похожие материалы