Қазақ хандығы! Сыныптан тыс шара.

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Қазақ хандығы!

   Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіре отырып оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, өз Отанының басында қандай қиын кезең болса а мойымай көтеруге тәрбиелеу.

   Сабақтың кқрнекілігі: Плакатка жазылған «Қазақ хандығына-560 жыл!» Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары хандардың суреттері және өмірлерінен қысқаша мәліметтер жазылған буклет.

   Сабақтың жүрісі: (10 «б» сынып оқушылары қатысады)

    І бөлім. Хандар ауыл болып бөлінеді.

   1.Жәнібек, Керей хандығының ауылы;

   2.Қасым хан ауылы;

   3.Әбілқайыр ханның ауылы;

   4.Абылай хан ауылы;

   5.Кенесары хан ауылы.

Жәнібек, Керей, Қасым, білқайыр, Абылай, Кенесары рөліндегі оқушылар өз хандықтарын қорғайды, таныстырады.

   ІІ бөлім. «Білімді сайыс».

Әр хандыққа екі- екіден сұрақтар қойылады. (Оқушылар жауап береді).

   ІІІ бөлім. «Ойлан тап».1.«Қазақстан»,«Қасым»,«Жәнібек» сөзжұмбақтары беріледі (Әр ханның ауылы тез арада шешуі керек).

   ІV бөлім. «Жедел жауап». Әр хан ауылына арналған конверт ішінде сұрақтар болады. Конвертті ашып, жедел жауап беру керек.

   V бөлім.

1.     Жәнібек, Керей хандарының ауылы (шағын драмалық көрініс);

2.     Қасым хан ауылы; (шағын драмалық көрініс);

3.     Әбілқайыр ханның ауылы; (шағын драмалық көрініс);

4.      Абылай хан ауылы; (шағын драмалық көрініс);

5.     Кенесары хан ауылы. (шағын драмалық көрініс);

   Соңғы қорытынды:

1.     Жеңімпаз хандықтарды анықтау;

2.     Бірінші, екінші, үшінші орындарды анықтап, марапаттау;

3.     Әділқазылар алқасына сөз беріп, қатынасқан 8б сынып оқушыларына алғыс білдіру.

    ІІ бөлім. «Білімділік сайыс».  

Жәнібек, Керей ауылына қойылатын сұрақ.

1.Сұрақ. Қазақ хандығы қай хандықтан қай жылы бөлінді?

Жауап: 1456 жылы Амудария мен Сырдарияның арасындағы Әбілқайыр хандығынан бөлінді.

2.Сұрақ: Жәнібек пен Керей хандар Қазақ хандығын қай жерде құрды?

Жауап: Қазақстанның Жетісу жеріндегі сол кездегі Моғолстан хандығының жері Шу өзенінің бойындағы Қозыбас деген жерде Қазақ хандығын құрды.

   Қасым хан хандығының ауылына қойылатын сұрақ.

1.Сұрақ: Қасым хандық құрған уақытта Қазақ хандығының шекарасы қандай жерлерді алып жатты?

Жауап: Солтүстік шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзеннің жағалауларын қамтып, ал солтүстік батыста Жайық өзеніне жететін.

2.Сұрақ: «Қасым ханның қасқа жолы» деп не себепті айтылған?

Жауап: Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Мәскеумен бірінші рет байланыс жасаған- Қасым хан. Бұл кезде князь Василий ІІІ билік құрған жылдары (1505-1533). Сол жол күш бүгінге дейін жалғасуда.

   Әбілқайыр ханның ауылына қойылатын сұрақ.

1.Сұрақ: Әбілқайыр қай жылы үш жүздің ханы етіп сайлады?

Жауап: 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар Әбілқайырды үш жүздің ханы, әскерлерінің қолбасшысы етіп сайлады.

2.Сұрақ: Кіші жүзді Ресейдің құрамына кіргізуге елшілік жіберген хан және қай жылы?

Жауап: Әбілқайыр 1730 жылдың күзінде жібереді. 1731 жылы Кіші жүз Ресей билігін мойындайды.

   Абылай ханның ауылына қойылатын сұрақ.

1.Сұрақ: Абылай хан кім?

Жауап: Қазақ ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмәмбет хан қаза болған соң, Абылай Ұлы жүздің ханы болған.

2.Сұрақ: ханның ата- бабалары шыққан тегі?

Жауап: Абылай ханның ата- бабалары: Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның ұрпағы болып табылатын, Қазақ Ордасының негізін салған әз- Жәнібектен тараған Түркістанды билер қанішер Абылайдың баласы- Уәли. Уәлиден Әбілмансұр (Сабалақ- лақап аты, Абылай- халық қойған аты).

   Кенесары ханның ауылына қойылатын сұрақ.

1.Сұрақ: Кенесары ханның басты мақсаты қандай болды?

Жауап: Қазақ халқын Ресей, Қоқан, Хиуа хандықтарының қол астынан азат ету. Хандық билікті қайта қалпына келтіру.

2.Сұрақ: Кенесары көтерілісі қашан болды? Қозғаушы күші кімдер?

Жауап: 1837-1847 жылдарда болды. Қозғаушы күш- шаруалар, үш жүзді түгел қамтыды.

   ІІІ бөлім. «Ойлан, тап».

«Қазақстан»,«Қасым»,«Жәнібек» сөзжұмбақтары беріледі (Әр ханның ауылы тез арада шешуі керек).

    «Қазақстан» сөзжұмбағы

1.     Қазақ хандығы ту тіккен жер

2.     Қазақ руы

3.     Сиырдың пірі

4.     Алтын Орда хандығының ыдырауы нәтижесінде құрылған хандық

5.     Қазақ ханы

6.     Қала аты

7.     1482-1485жж Моғолстан ханы басып алған қала

8.     Қазақ халқының ұраны болған сөз

9.     Қазақстанның батыс өңірінде құрылған мемлекет.

     «Қасым» сөзжұмбағы

1.     Қазақстандағы қола атауы

2.     Қасым хан тқсындағы Қазақ хандығының солтүстік- батысындағы өзен.

3.     Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығымен достық- одақтық қатынаста болған мемлекет

4.     Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының астанасы

5.     Қазақ хандығының құрамына енген рулардың бірі.

   «Жәнібек» сөзжұмбағы

1.     Қазақ хандығына енген рулардығң бірі

2.     Шайбани әулетінен шыққан хан

3.     ХІІІ-ХV ғ. Ауызша поэзия өкілі

4.     Қазақстандағы жер атауы

5.     Қазақ хандарымен 30 жыл соғысқан ортаазиялық билеуші

6.     Жәнібекпен бірге Қазақ хандығының шаңырағын көтерген сұлтан.

7.     Қазақтың қаласы.

   ІV бөлім. Жедел жауап.

Әр хан ауылына арналған конверт ішінде сұрақтар болады. Конвертті ашып, жедел жауап беру керек.

(Жәнібек пен Керей)

1.Сұрақ: Керей хан кімнің ұрпағы:   Шыңғыс ханның ұрпағы Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы.

2.Сұрақ: Керей хан қай жылдарда хандық құрды:  1456-1473жж

3.Сұрақ: Жәнібек хан кімнің ұрпағы:  Шыңғыс ұрпағы Барақ ханның ұлы Орыс ханның шөбересі.

(Қасым)

1.Сұрақ: Қасым хан қашан таққа отырды: 1511ж таққа отырды. Қасым хандығы деп аталды.

2.Сұрақ: Қасым хан билік құрған кезде Қазақ хандығындағы халқының саны: Қазақ хандығының саны 1млн- нан асты.

(Әбілқайыр хан)

1.Сұрақ: Әбәлқайыр хан Шыңғыс ханның нешінші ұрпағы: Кіші жүз ханы Шыңғыс ханның 15-ші ұрпағы.

2.Сұрақ: Әбілқайыр ханды кім өлтірді:  Әбілқайыр 1748 ж 1 тамызда ата жауы Барақ сұлтанның қолынана қаза табады.

(Абылай хан)

1.Сұрақ: Абылай хан жылдарда өмір сүрді: 1711-1778жж

2.Сұрақ: Абылайдың азан шақырып қойған аты және лақап аты: Әбілмансұр (азан шақырып қойған аты) лақап аты- Сабалақ.

(Кенесары)

1.Сұрақ: Кенесары Қасымұлы қай жылы хан сайланды: 1841ж хан сайланды.

2.Сұрақ: Кенесарының өмір сүрген жылдары: 1802-1847жж

 Қорытынды: Әділқазылар алқасына сөз беріліп, қатынасқан 8 «б» сынып оқушыларына алғыс білдіру.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.66 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 105

Похожие материалы