"Қазақ хандығына 550 жыл" топтық сайыс

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тәуекел Кеңескүл

Қызылорда облысы,Сырдария ауданы,№130 Абай орта мектебі

“Қазақ хандығына 550 жыл” топтық сайыс.

Мақсаты: Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып,1465жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтижелер:

1.Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады;

2.Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады;

3.Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады;

Көрнекілігі: Безендірілген сынып, нақыл сөздер, тапсырмалар, сандар, әр топқа даярлаған үстел,слайд, видеоролик.

Түрі: Топтық сайыс.

Барысы:

І.Ұйымдастыру сәті: Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл» атты викториналық сайысын тамашалауға келген қонақтар және оқушылар! 1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.

Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Осы тарихи оқиғаға байланысты мектебіміздің 7А,Б,В сыныптар оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған сайысымызды бастасақ :

Әділқазы, аққазыға бір сәлем!

Әділдікке басиеді барәлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! – деп сайыскерлеріміздің білімін бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық.

Видеоролик (Қазақ хандығы)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 33.53 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 97

Похожие материалы