«Қазақ хандығының құрылу тарихы"

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылуы».

Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихын түсіндіру.

1.Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;

2.Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін түрлі тапсырмалар беріп ұйымдастыру;

 

3.Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ

Өткен сабақпен байланыстыру арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

     Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді.

1457 ж. Үз-Темір тайшы бастаған ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.

Қазақ хандығының құрылуына себеп болған тағы бір жағдай Қыпшақ Қобыланды батырдың Арғын биі Дайырқожа биді өлтіруі болды.

 

  Осындай саяси тарихи оқиғалардан кейін 1465-1466 жылы Жәнібек пен Керей сұлтандар Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады. 

Қорытындылау.

 

Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 44 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 89

Похожие материалы