Қазақ тілі фонетика 5- сынып (сабақ жоспар)

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Балалар! Қазақ тіл білімі үлкен 4  саладан тұрады.1.Лексика. 2.Фонетика.

3.Сөзжасам.4.Грамматика.а)морфоло-гия  б) синтаксис .

                        

Біз өткен сабақта Лексика саласын аяқтадық. Ал бүгін, тіл білімінің тағы бір үлкен саласы Фонетиканы бастағалы отырмыз.

 

Фонетика гректің «фоно» сөзі «дыбыс» дегенді білдіреді.Фонетика ғылымы тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді, яғни, дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.

 

Адам баласының тілі –дыбыстық тіл.Тіл дыбыстары адам пайда болғалы бірге өмір сүріп келеді. Тіл дыбыстары болмаса тіл өмір сүре алмайды.Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады.

1-шісі:оның сапалық сипаты.мыс: мал, тал, қал. Бұл сөздердегі дыбыстың саны бірдей , бір дыбысы өзгерген сайын, мағыналары да өзгереді.

2-шісі:сөздердің дыбыс саны әр түрлі болады.мыс: бала ,ала, ал.

3-шісі:сөздердегі дыбыстың орын тәртібі, яғни, дыбыстардың орын ауысуы. мыс:тас-сат, қас-сақ, қош-шоқ т.б.

 

Әліпби сөзі араб алфавитінің алғашқы екі әрпі-алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған.Әліпби жазуда қолданылатын  әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді.

Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиіне қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар (ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,h,і)

Қалғандары-орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.

 

     

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

233-жаттығу.Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып,олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылаңдар,

 

Сал-

Жат-

Тас-

Тық-

Қаш-

Жан-

 

 

234-жаттығу.Сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы жаңа сөз жасаңдар.

 

Ал-

Ат-

У-

Ыс-

Ас-

 

 

 

 

 

 

235-жаттығу.Метаграммаларды шешіңдер.

Егер т-дан бастасаң-

Биіктердің биігі.

Егер д-дан бастасаң,

Қиындардың қиыны.

Екеуін де алып тастасаң,

Балықшының бұйымы

 

Егер б-дан бастасаң-

Түтіндей боп көшемін.

Егер н-дан бастасаң-

Жап-жасыл боп өсемін.

Жеке өзімді тастасаң-

Ішкен жанға кеселмін

 

Г-ден баста,мен кілең

Ажарымын өмірдің.

К-ден баста,енді мен

Қалдығымын көмірдің.

 

К-ден егер бастасаң-

Шомыласың суына.

Ш-дан егер бастасаң-

Жазда аунайсың құмына

 

 

 

 

237-жаттығу.Мына сөздерді әліпби тәртібімен тізіп жазыңдар.

Көлбақа,шілдехана,алтыбасар,әлеумет,ғарыш,қауіп,мінбе,риза,оттық,дию,абырой,тыйым,фельетон,электр,

асық,ділмар,қайнаға,дүрбі,бояу,

әңгіме,газдандыру,шөп,ірімшік,іңкәр,шаш,эфир,январь,юбилей,эмблема,ілтипат,ыза,ықтимал,чекист,цыган,құқық,хан,үйіл,үгілмелі,ұю,ұшақ,патша,өткіз,бағбан,әшекей    

Балалар! Қазақ тіл білімі үлкен 4саладан тұрады.1.Лексика. 2.Фонетика.3.Сөзжасам.4.Грамматика.

а)морфология  б)синтаксис .

Біз өткен сабақта Лексика саласын аяқтадық. Ал бүгін, тіл білімінің тағы бір үлкен саласы Фонетиканы бастағалы отырмыз.

 

Фонетика гректің «фоно» сөзі «дыбыс» дегенді білдіреді.Фонетика ғылымы тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді, яғни, дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.

 

Адам баласының тілі –дыбыстық тіл.Тіл дыбыстары адам пайда болғалы бірге өмір сүріп келеді. Тіл дыбыстары болмаса тіл өмір сүре алмайды.Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады.

1-шісі:оның сапалық сипаты.мыс: мал, тал, қол. Бұл сөздердегі дыбыстың саны бірдей , бір дыбысы өзгерген сайын, мағыналары да өзгереді.

2-шісі:сөздердің дыбыс саны әр түрлі болады.мыс: бала ,ала, ал.

3-шісі:сөздердегі дыбыстың орын тәртібі, яғни, дыбыстардың орын ауысуы. мыс:тас-сат, қас-сақ, қош-шоқ т.б.

 

Әліпби сөзі араб алфавитінің алғашқы екі әрпі-алиф пен би атауларының бірігуінен жсалған.Әліпби жазуда қолданылатын  әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді.

Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиіне қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар (ә,ғ,қ,ң,ө,ұ,ү,h,і)

Қалғандары-орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

233-жаттығу.Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып,олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылаңдар,

 

Сал-қал,тал, бал, шал, мал, зал,

Жат-хат,тат, сат, зат,мат,ват,дат,

Тас-қас,бас, жас, рас,мас,лас,

Тық-шық, сық, мық, жық, лық, нық,уық,,

Қаш-шаш,паш,

Жан-тан,қан,нан,сан,хан,

 

234-жаттығу.Сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы жаңа сөз жасаңдар.

 

Ал-ала, алты, Алматы, Алатау,алма,алтыбақан,алмұрт,алтын,

Ат-ата, атақ, атарба, Атырау,атамұра,атбасар,атқыш

У-уыс, уық, уран, уылдырық,улы

Ыс-ысық,ыстық,ысырап,ысқырық

Ас-астық, аспаз, асхана, астана, асқар,асар

 

 

 

 

235-жаттығу.Метаграммаларды шешіңдер.

Егер т-дан бастасаң-

Биіктердің биігі.

Егер д-дан бастасаң,

Қиындардың қиыны.

Екеуін де алып тастасаң,

Балықшының бұйымы (тау, дау, ау)

 

Егер б-дан бастасаң-

Түтіндей боп көшемін.

Егер н-дан бастасаң-

Жап-жасыл боп өсемін.

Жеке өзімді тастасаң-

Ішкен жанға кеселмін (бу,ну,у)

 

Г-ден баста,мен кілең

Ажарымын өмірдің.

К-ден баста,енді мен

Қалдығымын көмірдің.(гүл,күл)

 

К-ден егер бастасаң-

Шомыласың суына.

Ш-дан егер бастасаң-

Жазда аунайсың құмына (көл,шөл)

 

 

 

 

237-жаттығу.Мына сөздерді әліпби тәртібімен тізіп жазыңдар

Алтыбасар,абырой,асық.Әлеумет,әңгіме, әшекей.Бояу,бағбан.Газдандыру.Ғарыш.

Дию,ділмар,дүрбі.Көлбақа.Қауіп,қайнаға,құқық.Мінбе.Оттық.Өткіз.Патша.Риза. Тыйым.Ұю,ұшақ.Үйіл,Үгілмелі.Фельетон.

Хан.Цыган.Чекист.Шаш.Ыза,ықтимал.

Ірімшік,іңкәр,ілтипат.Электр,эфир,

эмблема,Юбилей.Январь,

 

           

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 34.48 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 227

Похожие материалы