Қазақ тілі пәнінен "Сан есім" тақырыбы
| Предмет: | Начальные классы |
|---|---|
| Категория материала: | Рабочие программы |
| Автор: |
Ахметова Бибігүл Есмухановна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Сабақтың тақырыбы: "сан есім "Мақсаты: Сан есім туралы түсінік беріледі,сұрақ қою арқылы сөйлем ішінен табуға үйренеді .Сабақта қолданылатын әдіс -тәсілдер: Диалог ,АКТ, кері байланыс
Психологиялық кезең:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ ,-деген өлең шумағын алғашқыда өте баяу ,екіншісінде оған қарағанда шапшаңырақ , үшіншісінде өте жылдам,үш қайтара айтып , көңілдендіру
«Көрші» ойыны арқылы жұппен отырған оқушылар бір- біріне негізгі және туынды сын есімге байланысты сұрақтар қояды 6 мин
Сан есімді байланысып тұрған сөздерімен теріп жазу
5 мин
Ойын барысында барлық оқушылар шеңберге тұрып , допты қағып алып
сан есімі бар сөз айтып ,допты кейін қайтарады
5 мин
Оқушылар сөз құрамынан сан есімді тауып , цифрмен жазу .
Мысалы тү+1, к+3+ік,қ+10+ақ
5 мин
оқушылар өз ойын айтады
«Бас бармақ» арқылы бағалау
Бүгінгі сабақты түсінген оқушылар өз түсініктерін қызыл,жасыл, сары алмалармен көрсетеді.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 13,4 КБ |
| Количество скачиваний: | 13 |