Қазақ тілі "Сан есім"(2 сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларға сан есім туралы түсінік беру,сан есім      заттың санын,ретін білдіретін сөздер екенін түсіндіру,бұрынғы алған білімдерін кеңейту,берік орнықтыру.

2.Дамытушылық:Ғаламшар туралы түсініктерін одан да артық      дамыту.

3.Тәрбиелік:Еліміздің  ғарышкерлерін құрметтеуге,соларға ұқсап өсуге тәрбиелеу.Көркем,сауатты жазуға баулу.

Сабақиың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың типі: өткенді қайталау

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі, дүниетану, сурет,дене шынықтыру

Сабақтың көрнекілігі:Ғарышкерлердің суреттері,Күн жүйесіндегі тоғыз ғаламшардың суреттері,тест,карточкалар.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.    

 Психологиялық дайындық

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін.

Екі құлағың не үшін керек?

Ақыл кеңес тыңдау үшін.

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін.

Екі аяғың не үшін керек?

Туған жерде жүру үшін!- ендеше, балалар 12 мүшелерін сау болып, туған жерде үлкен азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

       Бүгінгі сабақтың ерекше екендігін хабарлау.

Ғаламшарға саяхат.

Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?

-Тоғыз ғаламшар бар.

Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер,Сатурн Уран,Нептун,Плутон.

 

Шолпан

 


Жер

 


 

   

   Ендеше біз бүгін сол ғаламшарларға саяхат жасаймыз. Осы саяхатқа шықпай тұрып, топқа бөлініп алайық.Әр топ өздерін көліктерін таңдап алсын.

              І топ                                                ІІ топ                                                  ІІІ топ

                              

Луноход-1 (СССР)                          «Интеркосмос-1»                           Халықаралық ғарыш

көлігі                                               - жер серігі көлігі                          станциясымен ұшамыз

-          Кәне, бәріміз саяхатқа дайынбыз ба?

-          Ендеше сәт сапар!

-          Әр ғаламшар сендерге өз тапсырмаларын дайындапты,біз соларды дұрыс орындап

өз білімдерімізді көрсетуіміз керекпіз.

Сұрақтарға ауызша жауап бер.

-Ғарыш әлеміне кім бірінші рет ұшты? (Гагарин Юрий Алексеевич)                                       

-Ғарышқа Қазақстанның қай жерінен ұшады?   (Байқоңыр)                           

-Қазақстаннан ғарышқа қай қазақ бірінші болып ұшты?  (Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы)      

-Тағы қандай ғарышкерлерді білесіңдер? (Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы)

(Оқушылардан сұрақтың жауаптарын тыңдай отырып, суреттерін тақтаға іліп қою)

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ретін жазайық та сапарымызды бастайық.

                           

Бірінші ғаламшар Меркурий.

1.     Меркурий  ғаламшары сендерге мынадай тапсырма дайындапты:

Ребусты шеш.

 

 Тапсырма: Ребустан  шыққан мақалды көшіріп жазып, сан есімдерді ата

                қанша?                                         неше?

    Жаздың бір күні – қыстың мың күнін асы

 

Екінші ғаламшар Шолпан.

2. Шолпан ғаламшарының тапсырмасы:

Бағандағы сөздердің төртіншісі артық,қайсысы?

жүгірді                   орындық                     қызыл                 үлкен

сары                        барды                          жеті                    гүл

отырды                  бала                              отыз бір             тәтті

 

Үшінші ғаламшар Жер.

3. Жер ғаламшарының тапсырмасы:

Оқулықпен жұмыс.223 – бет.2-жаттығу.

Неше? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді нешінші? деген сұраққа жауап беретін сөздерге айналдырып, қатарына жаз.Сан есімдерді салыстыр.Айырмашылығы неде?

  Екі вагон. Жеті бригада. Он мектеп. Сегіз парта. Алты пәтер. Төрт үй.

Үлгі: Екі вагон-екінші вагон. Он мектеп-оныншы мектеп.Сегіз парта-сегізінші парта.Алты пәтер-алтыншы пәтер. Төрт үй-төртінші үй.

 

Төртінші ғаламшар Марс.

4. Марс  ғаламшарының тапсырмасы:

Карточкамен жұмыс.

Реттік сан есім                          Түбір                              Жұрнақ

 Бірінші                                         бір                                 -інші

 Екінші

 Бесінші

 Жетінші

 Бесінші ғаламшар Юпитер.

 5.Юпитер ғаламшарының тапсырмасы:

Сергіту сәтін жасау.

 

Алтыншы ғаламшар Сатурн.

6. Сатурн  ғаламшарының тапсырмасы:

Суретпен жұмыс.

 

Жетінші ғаламшар Уран

  7. Уран  ғаламшарының тапсырмасы: Сематикалық картаны толтыру

Сөздерді сөз таптарына бөліп жазу      /тақтада/

 

         Тапсырма

 

Сөз таптары

 

құлпынай

 

елу бес

 

дәмді

 

сағат

 

барды

 

аласа

 

бесінші

 

оқып отыр

Зат есім

+

 

 

+

 

 

 

 

Етістік

 

 

 

 

+

 

 

+

Сын есім

 

 

+

 

 

+

 

 

Сан есім

 

+

 

 

 

 

+

 

 

Сегізінші ғаламшар Нептун.

8.Нептун  ғаламшарының тапсырмасы:

Бір таңбалы сандарды бір бөлек, екі таңбалы сандарды бір бөлек сөзбен жазыңдар.

20,5, 12, 3, 67, 8, 91,4, 10, 1, 44

Екі таңбалы сандар қалай жазылады?

Екі таңбалы сандардың ішінде бір сөзбен ғана берілген қандай сан?

Біртаңбалы сандар: бес,үш,сегіз,төрт,бір.

Екі таңбалы сандар: жиырма, он екі,алпыс жеті, тоқсан бір, он, қырық төрт,

Екі таңбалы сандардың ішінде бір сөзбен ғана берілген сөздер: жиырма, он.

 

 

 

Тоғызыншы ғаламшар Плутон

 9. Плутон  ғаламшарының тапсырмасы бүгінгі сабағымызды қорытуға арналған.

Тест тапсырмаларын орындау.

 

І нұсқа

ІІ нұсқа

1

Сан есімді тап

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 458 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 161

Похожие материалы