Қазақ тілінен ашық сабақтың жоспары.Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері ( 4-5 сынып)
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Маркина Зейнеп Бакитжановна
|
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері 5-сынып
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Тақырып бойынша жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін жасату. Берілген сұрақтарға толық, дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Берілген тапсырмалар арқылы ауызекі сөйлеу дағдыларын молайту.
3.Тәрбиелік: Туған жерді құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: жұмбақ шешу, сұрақ-жауап , суретпен жұмыс, әңгіме құрастыру.
Көрнекіліктер өлең, жаңа сөздер, сюжетті суреттер, жұмбақ.
Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Түгелдеу.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Бүгін ауа райы қандай?
-Бүгін қай күн?
-Ертең қай күн болады?
-Кеше қай күн болды?
II. Фонетикалық жаттығу: Көктем келді көгілдір,
Жер бетіне төгіп нұр. (ө, і)
III. Жаңа сабақ : -Бүгін біз жыл мезгілдері деген тақырыбпен танысамыз. Сабақ үстінде жаңа сөздермен танысамыз, сөз тіркестер құрастырамыз, әңгімемен жұмыс жасаймыз, жұмбақ шешеміз.
Сөздер -Ал енді тақтаға қараңдар жаңа сөздермен танысайық, мен сөздерді айтамын оқушылар қайталайды.
Жұмбақ: - Бір ағашта он екі ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа.
-Бұл не?
-Он екі ай, отыз күн.
Сұрақтар: -Жылдың неше мезгілі бар?
-Жылдың төрт мезгілі бар.
- Олар қайсы?
- Олар көктем, жаз, күз, қыс.
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір жылда он екі ай бар.
-Қыс айлары қандай?
-Қыс айлары желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Көктем айлары қандай?
- Көктем айлары наурыз, сәуір, мамыр.
- Жаз айлары маусым, шілде, тамыз.
- Күз айлары қыркүйек, қазан, қараша.
V.Әңгіме: -Енді мына әңгімемен жұмыс жасаймыз. Мына әңгімені оқимыз, аударамыз.
а).Сөз тіркестерін құру: с месяца марта, травы растут, наполняются водой.
б).Әңгімені бір-бір сөйлемнен оқыту ( қателерін дұрыстау ).
в).Таныс сөздерді табу, аудару.
г).Сөйлемдерді қазақшаға аудару: Весна начинается с месяца марта. Весной дни становятся длиннее ,а ночи короче.
д).Қосымша сөйлемдерді айтқызу.
е).Сұрақтар қою: -Қыс қай айдан басталады?
-Қыс айлары қандай?
-Көктем қай айдан басталады?
-Көктемнің бірінші айы қай ай?
-Жаз, күз қай айдан басталады?
-Наурызда күн не істейді?
- Көктемде сайлар неге толады?
- Күн мен түн не істейді?
- Нелер ұшып келеді?
-Нелер шығады?
-Саған көктем мезгілі ұнайды ма?
VI.Суретпен жұмыс: –Ал енді мына суретке қараңдар, осы сурет бойынша сөйлемдер құрату. Көмекші сұрақтар: - Жылдың қай мезгілі?
-Не еріп жатыр?
-Адамдар қандай киім киді?
-Балалар не істеп жүр?
VI. Қорытынды: -Бүгін біз қандай тақырыбпен таныстық?
-Сабақта не істедік?
-Жылдың неше мезгілі бар?
-Олар қайсы?
-Саған қай жыл мезгілі ұнайды?
Сөздерді теріп алу: -Берілген әріптерден сөздер теріп алыңдар ( қыста, көктем, жаз, күз)
VII. Үй жұмысы: мазмұнын айту.
VIII. Бағалау: жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.04 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |