Қазақ тілінен сергіту сәттерінің нұсқалары (1-4 сынып)

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Көжегім  тұршы,

Бетіңді  жушы.

Айнаға  қарашы,

Шашыңды  тарашы.

 

Киіміңді  киші,

Мектебіңе  баршы.

Сабақты  оқышы,

Күнде  бестік  алшы.

 

Жел  бетке  еседі,

Ағаштар  теңселеді.

Жел  тыңышталды,

Ағаштар  биіктеді.

 

Қарлығаш  болып

ұшайық,

Ұшып  ұшып  алайық.

Орнымызға  отырып,

Жазуды  біз бастайық.

Жаздық,  жаздық бәріміз,

Талып қалды қолымыз

Бір,  екі,  үш,

Жинап  алдық  күш.

Доп,  доп,  топ,  топ!

Теуіп  қалдым  допты.

Доп жоғалды, доп жоқ

Қап,  қап,  тап,  тап!

Қазақтың  қызының

басында  сәукеле.

Қазақтың  қызының

үстінде  көйлек.

 

Қазақтың  қызының

үстінде  қамзол.

Қазақтың  қызының

аяғында  кебіс.

 

Қуыр,  қуыр, қуырмаш,

Балапанға  бидай  шаш.

Әй,  әй,  балапан,

Жамандықтан  қаш.

Буратино  созылды,

Бір  еңкейді,

Екі  еңкейді.

Қолды  жаққа  созып,

Жүрді,  жүрді,  жүрді.

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 27 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 145

Похожие материалы