«Қазақшаңыз қалай?»
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Бейсекова Асыл Кабдоловна
|
Қостанай облысы
Ұзынкөл ауданы
Суворов орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Бейсекова Асыл Қабдолқызы
«Қазақшаңыз қалай?»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар , әріптестер!
бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатым - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауы.Біздің елімізде, Қадір Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта , бірлік пен ынтымақтықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Сондықтан мен бүгін мұғалімдер арасында осындай тақырыппен сайыс өткізгім келді. Ал енді, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші: Осы сайысымызды бастамас бұрын қонақтардың арасынан әділ қазылар алқасын сайлап алайық . Әділ қазылар алқасының құрамына қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Башенова Қырмызы Қанатқызын, математика пәнінің мұғалімі Кирибаева Ғайни Сәдірқызын шақырамыз. Жайғасып отырыңыздар .
Жүргізуші: Сайысқа бес адамнан екі топ қатысады.Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады.
Сайыс кезеңдері:
1.Таныстыру.
2.Кім жылдам ?
3. Дода.
4.Сурет бойынша «Жыл мезгіліне» әңгіме құрастыру
5 . «Сөз мәйегі-мақал» сайысы
6. «Адасқан сөздер»
7. Әріптер сайысы.
8. Қазақ тіліне тән әріптермен сөздерді айту.
9. «Өнерпаз болсаң...»-үй жұмысы
Жүргізуші Ендеше ,бүгінгі сайысқа қатысушы екі топпен таныс болайық .
І кезең. Өздерін таныстыру , (визитка)экранға назар аударыңдар.
Таныстыру.
І топ.«Білгірлер»
Көтеріп туын білімнің,
Алға ұмтылып шығамыз.
Жеңуге келдік сайысқа,
«Білгірлер» атты тобымыз
ІІ топ. «Алғырлар»
Тілге құрмет көрсеткен,
Ұстаздары мектептің.
Мақсаты жеңу сайыста,
«Алғырлар» тобы ұраны
ІІ кезең.
1-жүргізуші: «Кім жылдам?»( Қай топ жылдам сөздерді табады сол топ 1-ші бастайды)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 142.91 Kb |
Количество скачиваний: | 37 |