"Қазақстан жолы"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тәрбие ісі жөнінің орынбасары:

Күні:1.09.2014

Сыныбы:7 «А»

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан жолы – 2050: Бірмақсат, бірмүдде, бір болашақ.

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақылсөздер, Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:

Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстандатұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Ой қозғау:

-Бізқандаймемлекеттетұрамыз?

- Қазақстан.

- ҚР – ның халқы қайтілде сөйлеу керек?

- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Қазақстан - 2050 стратегиясының логотипін таныстыру

2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді.

Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» - күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады.

2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақкиіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсатыкиізүйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге беглгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады.

Сонымен қатар, қиылысқансызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай - ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғандағана ұлы белестерді бағындыра алмақ.

Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қолұстасуы мен ел бірлігі.Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта.

Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндег іқиылысқан жартылай мөлдір сәу лерден тұрады.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуд а бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жасар алығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынумаңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуг етиіс», деп атап көрсетті.

Білім – барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адамға келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

Ән: Елімменің.(тыңдалады)

Қорытынды:

- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?

«Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)

Мен 21 – ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.

Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.

Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануғ алайық.

Біз көздеген мақсатымызғ міндетті түрде жетеміз.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! – деген ел басымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 160.53 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 80

Похожие материалы