Қазақстан рәміздері

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың тақырыбы Қазақстан рәміздері             Дайындық кезеңі:   Шараны өткізу үшін ҚР елтаңбасы, әртүрлі елдердің елтаңбалары, Қазақстан қалаларының ертедегі елтаңбалалары, алғашқы этностық-мәдени нышандар, Кеңестер Одағының елтаңбасы, тулардың суреттері дайындалады.  Бұл шараны өткізу үшін Е.Шаймерденовтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері атты рәмізтану саласына байланысты жарық көрген кітабының пайдасы зор болады. Ондағы түрлі-түсті рәміздік белгілердің суреттерін жұмыс барысында пайдалануға болады.         Жоғары сынып оқушылары арасында Қазақстан рәміздеріне байланысты шығарма, өлең жазып келу тапсырылады. Шара барысында осы шығармалардан үзінділер оқылады.       Турнирдің шарты: Қатысушылар үш топқа бөлінеді. Жарыс үш турдан тұрады: І.Елтаңба ІІ. Жалау. ІІІ. Әнұран           Әрбір қатысушы білімінің жетіктігімен өз тобымен де, сондай-ақ жеке дара да жеңіске жете алады. Әрбір топ ойынның ережесін бұзбаса, көрермендер көмегін пайдаланбаса және шығармашылық жұмыстарды ұйымшылдықпен, ынтымақпен орындаса жеңіске жетеді.           Жүргізуші :   «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті.  Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.  Сонымен, бүгін өмір сүріп отырған үшінші мыңжылдық ғасырынан, сонау алғашқы адамзат пайда болған ерте кездерге ауысамыз да, мемлекеттік рәміздер туралы білімімізді сарапқа саламыз. І тур Елтаңба
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 202 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 146

Похожие материалы