Қазақстан тарихы 7 кл “Ақ орда” (13-15ғасырдың басы) . Талдықорған қаласы № 16 орта мект еп-гимназиясы Сейдеханова Шамшинур Жумахановна

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақ тақырыбы: “Ақ орда” (13-15ғасырдың басы)

Қазақстан  тарихы 7 «А» кл.

 

 

Талдықорған қаласы №16 орта мектеп гимназиясы

 тарих пәнінің мұғалімі

Сейдеханова Шамшинур Жумакановна

 

 

 

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:

a)    «Ақ Орда» 13-15 ғғ. арасында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген, орта ғасырларда   Қазақстан аумағында құрылған алғашқы мемлекеті  екені туралы түсіндіру

b)   Ақ Орданың тарихы, жүргізген  ішкі-сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы толық мағлұмат беру.

c)    13-15 ғ. өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің тарихын  қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстыру.

 

Дамытушылық мақсаты:

 Оқушыларды тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

 

Тәрбиелік мақсаты :

Өз Отанына деген патриоттық сезімді тәрбиелеу.Тарих пәніне деген қызығушылығын арттырып, оқушылардың белсенділігін көтеріп, өз бетінше сараптама жасай  алатын тұлғаларды тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі: аралас.

Пән аралық байланыс: география, қазақ тілі пәндерімен байланыстырылды.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен, өз бетінше жұмыс.

Көрнекілік: интерактивті тақта, карта , слайды, 7 сыныпқа арналған электрондық оқулық.

Сабақта қолданған әдебиеттер:

1.Есенберлин «Алтын орда».I – II  том. Алматы-83

2.Василий Григорьвич Ян «Батый»  Москва -85

3. «Егемен Қазақстан», 1998ж 18 қыркүйек. 

Сабақ барысы.

1.    Ұйымдастыру.

2.    Үй тапсырмасын тексеру.

Қазақ халқының өткен тарихы ата-бабаларымыздың бостандақ пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресінің тарихы. Біздің еліміз бүгінгі даму деңгейіне бірден жете қойған жоқОсы ұлан байтақ жерді сыртқы жаудан  қорғап қалу жолында ата- бабаларымыз жүздеген жылдар бойы шапқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасты.

-  Үйге қандай тапсырма берілді?

«Алтын Орда» берілді және Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуын қайталап келу.

-Монғол патшалығы қашан құрылды?

Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғыс хан 1155 жылы дүниеге келген, 1206 ж. Онон және Керулен өзенінің жағасында өткен барлық монғол тайпаларының бас қосқан ұлы құрылтайында, оның ұлы ханы Шыңғыс хан сайланды.

1207-1208ж монғолдар қай жерлерді басып алды?

Жошы Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алды. (электронды оқулықтан Шыңғыс ханның 1207-1220 жылдар аралығындағы басып алынған жерлері көрсетіледі)

 

 

1207-1209жмонғолдар қай жерлерді бағындырды?

Шыңғысхан таңғұттардың мемлекетін,одан кейін Тұрфан кінәздіктерін өзіне қаратып,ұйғырларды бағындырды.

1211-1215ж Қай мемлекетке басып кіріп, олардың қандай соғыс техникасын қолға түсірді?

Қытай жерін басып алып,олардың тас атып, дуал құлататын,от лақтырып, өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді

Қай жылы Жетісу жеріне енеді? (1218 ж.)

Қашан Отырарды қоршауға алды?(1219 ж.)

Қашан   Сыр бойындағы қалалар толығымен монғолдардың иелігіне көшеді?(1219-1220 ж)    

1235 жылы Қарақорымдағы Моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысында Шығыс Европаға жаңа жорық жасау туралы шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Европаға жорығын  Шыңғыс ханның  немересі, Жошының баласы Батый басқаратын болды.

«Батый» туралы қосымша материал

1936 жылы Еділ бұлғарларын, Чуваштар, мордва, орыс княздығын, Польша,

Чехия,венгрлер, румдар,молдавандар,болгарлар,түріктер,мамлюктер(Египет) еліне барып қайтады.Еділ сағасына қайта оралды да,мұнда монғол мемлекеті  Алтын орданы құрды.

«Егемен Қазақстан» газеті 18.09 1998 ж. «Батый» деген мақаладан үзінді оқу: «Батый қолының Руське және Еділден батысқа қарай басқа да жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан орталығы төменгі Еділде орналасқан ұлан-байтақ мемлекетке айналдырды.Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің Алтын Орда деген аты орнықты.Алтын Орда астанасы Сарай-Бату(қазіргі Астрахань маңы),кейінірек астана Сарай-Беркеге Еділ бойымен қазіргі Волгоград қаласының маңына көшірілді.Батый «солтүстік елдерінде»-Шығыс Европаға (1236-1242жж) жасаған жеті жылдық жорықтан оралған соң , өзінің інісі Орда Еженге Арал теңізінің шығыс-солтүстігіндегі жерелерді берді.»

Ілияс Есенберлин «Алтын Орда» деген еңбегінде мемлекеттің шыққан шыңы мен құлдырауы туралы былай дейді: «Тарих дөңгелегі алға қарай жылжи берген. Алтын Орданың ішіндегі бақ таластық, тақ таластық, бірін-бірі шабу,бірін-бірі құрту енді бұрынғысынынан да күшейе түскен. Ақырында, тартылған алып теңізден қалған ойдым-ойдым, үлкенді-кішілі көлдердей,енді Алтын Орданың ронына Қырым, Қазан, Қасым хандықтарымен, Ноғайлы ұлысы, Әбілхайыр ордасы қайтадан Мордва Башқұрт аймақтары пайда болды.Тарих дөңгелегі тоқтауды білмеді. Әбілққайыр ордасынан Қазақ хандығы бөлінді.Тағы 200 жылдай мезгіл өтті. Алтын Орданың негізгі  жерінде –Батысы Жайық өзенінен асып жатқан, Шығыс Ертіс өзенінен өтіа кетке, Күнгей-батыс Иранға.Күнгей-шығысы Қытайға жеткен, ал шығысы сонау көне Ұбайра-Сұбайра Сібір ормандарын аймалаған,ал теріскей шығысы Тобол мен Тар өзендері құятын Ертістің сағасына дейін шектескен, Теріскейі Орал тауының күнгей жағымен Тобыл өзенінің бас жағына жеткен ұлы далада-сақ, қыпшақтан тараған, ежелден адам адам болып жаралғалы , осы араны мекендеген қазақ елі қалды.»

III. Жаңа тақырып «Ақ Орда»

Жоспары.1 Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы.2  Ақ Орданың ішкі-сыртқы саяси жағдайы.3 Ақ Орда тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен салыстыру

 

-Мына сурет сендерге таныс па? –Иә, ҚазақстанРеспубликасының Президенті Н.Назарбаевтың Астанадағы резиденциясы Ақ Орда деп аталады.

-Жақсы,ҚР ПРезиденті Н.Назарбаевтың резиденциясы не себепті Ақ Орда деп талатыны туралы және 13-15 ғғ. арасында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген, орта ғасырларда Қазақстан аумағында құрылған алғашқы мемлекеті   туралы білеміз

ә) Ақ Орданың тарихы, жүргізген  ішкі-сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы толық мағлұмат аламыз.

б) 13-15 ғ. өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің тарихын  қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстырамыз.

Қазақ жеріндегі Монғол империясының ыдырауына байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда болды. Ақ Орда –Қазақстан аумағындағы монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Сондықтан да, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Астанадағы Резиденциясы Ақ Орда деп аталады. 

 

Ақ Орда:

1.Қазақстан аумағында манғолдардан кейінгі алғашқы мемлекет.

2.240 жыл өмір сүрді.

3.Алғашқы ханы Орда Ежен.

4.Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі Сырдарияның орта және төменгі кең – байтақ аумақты алып жатты..

5.Астанасы Сырдария өзенінің орта ағысы бойына орналасқан Сығанақ қаласы.

 

  Этникалық құрамы:

          1.  Қоңырат 2. Найман3. Қаңлы 4. Қыпшақ 5. Керей6. Алшын 7. Үйсін8.Арғын

Кітаппен жұмыс үш топқа бөлінеді.

Тапсырмалар:

1-топ. Ақ Орда мен Алтын Орда арасындағы күрес

2- топ. Ақ Орданың күшейген кезі

3-топ.  Ақ Орданың хандары  

1-топтың дұрыс жауаптары:

1.Алтын Орда хандары Ақ Орданы тәуелді етуге тырысты.

2.Әмір Темірдің қолдауына сүенген Тоқтамыс Ақ Орданың тағына отырады.

3.1380 жылдан бастап Тоқтамыс  Алтын Орданың бірқатар жерін өзіне қаратып алады

2-топтың дұрыс жауаптары

1. XIV ғ. 2-ширегінен бастап Алтын Ордадан бөліне бастайды.
2. Ұрыс хан кезінде Алтын Ордада мүлде оқшауланады.
3. Тоқтамыс кезінде күшейді.

3-топтың дұрыс жауаптары
1. Ерзен мен Мүбарак
2. Ұрыс хан
3. Тоқтамыс

Ақ Орданың ішкі –сыртқы саяси жағдайын 3 кезеңге бөліп қараймыз.

1.Ақ Орда билеушілерінің Алтын Ордадан бөлініп жеке мемлекет болу үшін күрес жүргізуі.

2. Ақ Орда билеушілерінің Алтын Орданың ішкі істеріне белсене араласуға әрекет жасауы.

3.Ұрыс хан және оның ұрпақтарының Әмір Темірге қарсы күрес жүргіуі.

Кітаппен  топқа бөлініп жұмыс:

 І топ. Алтын Орда мен Ақ Орданың ұқсастықтарын табу

Дұрыс жауаптары; 1.Жошының балалары.2.Діни ұстанымдары.3. Негізгі қыпшақ тілі.3.Шаруашылығы.4.Бір мезгілде өмір сүрді.

ІІ топ. Ерекшеліктерін табу Дұрыс жауаптары; 1.Жүргізген ішкі және сыртқы саясаты.2. Этникалық құрамы. 3.Астаналары. 4.Жер аумағы.

Ақ Орданың жер аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысына дейінгі арлықты алып жатты.

 

Қазіргі Қазақстанның жер аумағы, жер көлемі жағынан Қазақстан 9-орында

IV. Пысықтау. Бүгінгі сабақта не туралы айттық?

-Біз бүгінгі сабақта Ақ Орда мелекеті,оның шығу тарихы, алып жатқан территориясы, жүргізген ішкі және сыртқы саясаты туралы айттық.

- Тағы да Ақ Орда мемлекетін қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен салыстырдық.

-Ал қазір сендерге мынадай тапсырма: 3 топқа бөлініп, әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша,өз ойларыңды 2-3 сөйлеммен білдіріңдер. 

1-топ.«Менің Отаным – Қазақстан»

2-топ.«Менің президентім – Н.Ә.Назарбаев»

3-топ.«Менің туған жерім – Талдықорған»         

1-топтан кім оқиды?

«Біздің туып өскен жеріміз –Қазақстан Республикасы.Ол – көне замандардан басталатын ұзақ тарихы бар,аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе  жатқан ел – қазақ халқы.Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз,қолбасшы,батырларымыз  кең – байтақ  жерімізді жаудан қорғап келді.Қазақ халқы – ержүрек,достыққа адал,бауырмал,қонақжай халық.Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрадыҚазақстан  Республикасы 1991 жылы  өзінің тәуелсіздігін жарялап,дербес  мемлекет болды . Ол бүгінде дүние  жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс   орнатқан,бүкіл  әлем таныған елгге айналды.Қазақстан республикасының Ұлттық рәміздері: Туы,Елтаңбасы,Әнұраны бар. Біз- тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді де, өз елімізде де әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге,қорғауға,тиіс  екенімізді есте сақтауымыз керек.»

2-топтан кім оқиды?

«Менің президентім –Н.Назарбаев. Мен өз президентімді мақтан етемін, себебі ол Қазақстанды бүкіл әлемге танытты, ал 2010 жыл  ерекше өйткені Қазақстан ОБСЕ-ге төрағалық етеді, жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыруға көп көңіл бөледі Биылғы жлдауы да халықтың көңілінен шығып отыр деп ойлаймын.»

3-топтың тапсырмасы қандай? «Менің туған жерім-Талдықорған»

   Талдықорған бір өзіңді гүл деймін,

   Бір өзіңмен таң боп атқан күн деймін.

Бір өзіңе басын иіп өтпеген,

Жетісудің азаматын кім деймін?

 

Жетісудің жеті өзені,жеті сыр,

Өң бойынан таба алмайың тамшы кір.

Пәк өскенінің,пәк тұрғыны біздерміз

Ұрпақтарын төгілетің мәңгі жыр.

 

 

V.Үйге тапсырма №  23 оқып, мазмұндау. Жазған пікірлеріңді толық жазып келу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 7.22 Mb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 130

Похожие материалы