Қазақстан тарихы хх ғасырдың 20-80 жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар.

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Пән аты: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 11 «а » сынып

Күні: 28. Х . 2014 ж

Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы наразылықтар,көтерілістер, қозғалыстар.

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-80 жылдар аралығында болған наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар туралы түсіндіру;

2. ХХ ғасырдың 20-80 жылдар аралығында болған қозғалыстар мен көтерілістердің негізгі себептері, сипаты, қозғаушы күші, барысы, нәтижесі туралы оқушы білімін дамыту;

3. Оқушыларды тарих төрінен лайықты орын алған тәуелсіздікті құрметтеуге, Отанының адал азаматтары болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ .

Қолданылатын әдістер: баяндау, тірек схема,

сұрақ-жауап,сауалнама толтыру, ой-пікір білдіру.

Сабақтың көрнекілігі :

ҚР –ның картасы, көтеріліс, наразылық қозғалыстар туралы суреттер, кесте, Тәуелсіз Қазақстан суреттер.(интерактивті тақта арқылы)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ. Жаңа сабақ;

ІV. Жаңа сабақты бекіту;

V. Қорытынды;

VІ. Бағалау;

VІІ. Үй тапсырмасы Сабақтың жоспары :

1. Қазақстанда 1920-1980 жылдарда болған наразылықтардың,көтерілістердің ,қозғалыстардың себептері,оның ішіндегі ең негізгі себептерін ашып көрсету.

2. «Қазақ халқын қорғау» одағы қашан,қайда құрылды,алдына қандай мақсат қойды,қызметі немен аяқталды?

3. Теміртау қаласындағы оқиғалар қашан болды,олардың шығу себептері мен сипаты қандай,оқиға немен аяқталды?

4. Қазақстанда «Неміс автаномиясын құрмақ болған кімдер,олар қандай мақсатты көздеді?Бұл автаномия неліктер құрылмай қалды?

5. 1986 жлғы желтоқсан көтеріліс оқиғаларының негізгі себептері қандай? Оның басталуына не түрткі болды? Оның тарихи маңызы және салдары.

6. Жаңаөзен көтерілісінің себептері,сипаты,қозғаушы күштер және салдары.

Сабақтың жүрілу барысы:

1. Үй тапсырмасын тексеру немесе қайталау

Төмендегі берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың дайындығын ауызша баяндау арқылы тексеру.

І деңгейl Картадан көтеріліс болған тарихи орындар мен аймақтарды көрсетіңіз.

l Қарапайым отбасылар неліктен шетелдерге қоныс аударды?

l 1931 жылы Маңғыстау өңірінде болған наразылық туралы не білесің?

ІІ деңгейl 1929-31 ж.ж. қазақ шаруаларының баскөтеру себебі, сипаты, қозғаушы күштерін анықтаңдар?

l Ұжымдастыруға, ауыр өнеркәсіпке көшу науқандары төңірегіндегі талас-тартыстарда Орталыққа өз пікірлерін ашық білдірген ұлт зиялыларынан кімдерді білесіздер?

l Т.Әлниязұлы, Ж.Мыңбаев туралы не білдіңдер?

ІІІ деңгейl Неліктен Кеңес өкіметі қарулы әскер жіберіп, халықты қырғынға ұшыратты?

l Неге олар мәселені бейбіт жолмен шешпеді?

l Дербестік үшін, ата-жұрттың азаттығы үшін тағы да қандай ұлт-азаттық қозғалыстарды бастан өткізген едік?

Жаңа сабақтың барысы:

Көтеріліс наразылықтары туралы ҚР-ның картасын пайдалану арқылы мұғалім баяндау.

1. Көтеріліс наразылықтардың шығуының негізгі себептері

· Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық, саяси ,әкімшілік,аумақтық,шаруашылық,мәдени жүйесіне өзгеріс жасауы оның тамырына балта шабуы.

· Көшпенді халыұтың тіршілігін ұжымдастыру отырықшыландыру арқылы өзгеріске салу.

2. «Қазақ халқын қорғау» одағының құрылуы туралы түсіндіру

· 1940-1941 жылдары Орал өңірінде «қазақ халқын қорғау» одағы құрылып жұмыс істеген.

· Одақтың құрамы жастар болған . Ұйымның мақсаты қазақ халқына қорған болу қамқорлық көрсету.,

· Ұйымның жетекшілері кеңес басшылығының құрығына ілініп одақ басшысы Ғұдайдолла Әнесов атылып 14 мүшесі тұтқындалған

3. 1959 жылы Теміртау қаласындағы оқиға.

· Қазақстанға басқа республикалардан қоныс аударушылардың көбеюі

· Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайының төмендеуі.

· Әлеуметтік жағдайға байланысты жұмысшылардың ереуілге шығуы .

· Ереуілдің соңында 16 адам опат боып ,50 джен астам адам жарақат алып қалғаны қудаланды

4. Қазақстанда «Неміс автаномиясын» құру туралы коммунистік партияның саясаты.

· Қазақстандағы «Неміс автаномиясын» құру туралы оқулықтағы мәліметпен оқушыларды өзө бетімен жұмыстату арқылы баяндау.

5. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы оқушылардың мағлұматтарын ,түсінгін сұрақ қою арқылы тақырыптың мазмұнын шығаруға ұйымдастыру

6. 1989 жылғы Жаңаөзендегі Горбвачевтың саясатына қарсы басқа жақтан келген кавказдықтардың озбырлығын әшкерелеуге байланысты болған ереуіл және оныі нәтиежесін қысқаша түсіндіру

Үй тапсырмасы:

§12-13. ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар тақырыбын оқу, мазмұндау;

Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар туралы деректер жинап келу.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 714 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 159

Похожие материалы