Қазақтың бұрымды қыз байқауы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сайыстың мақсаты:

Оқушыларға өз өнерлерін,білімдерін,ептіліктерін,құрал жабдықтарды дұрыс қолдана білулерін көрсетеді.

Сайыстың барысы:

Ж: Қымбатты балалар, мұғалімдер,  және біздің көрермендер.Бүгін біздер  «Бұрымды қыз2014 » атты жарыста қатысатын қыздырды тамашалап   «Бұрымды қыз 2014» кім болатының шешеміз.Қатысушы қыздарымыз 4. Және олар 2 топ болып шығады да өздерін бөлек таныстырады .1-топ «Аққу»,  2- топ «Қарлығаш » .Олардың өтетін кезектерін атап кетейін.

1-Таныстыру кезеңі.

2-Мақалдардың жалғасын табу.

3- Өз өнерін көрсету.

4-Сұрақ-жауап

5-Сән үлгісі көрсету.

6-Шаш үлгісін көрсету

Бірақ біздер біздің әділқазыларымыз жоқ болса қатысушыларымызды қалайша бағаламақпыз.Не отырыс, ондаша әділқазыларымызды сайлап,оларды таныстырып өтейік.

1-

2-

3-

Ал енді осы уақытта қатысушы қыздарымыз өздерінің сахнаға шығу барысына дайындалып жатқан кезде мен сіздерге шаш жайлы қысқаша айтып кетейін.Шаш адам көркіне ерекше әсемділік беріп тұрады.Негізінен шашты қимай және оны күтіммен қарап жүрсендер шаштарын өте әдемі болады. Уақытында жуып жүру қажет.Қазақ қыздары шаштарын 2 жаққа өріп әрқашан өріммен жүруі тиіс. Бірақ шынына келсек қазіргі қыздардың көбісі үйітпейді.Негізінен саған өзіңе жарасатын сияқты,дегенмен 2 жаққа өріп жүрсе одан әрі әдемі болып көрінеді.Сондықтан қыздар шаштарыңның жақсы өсуіне күтіммен қараңдар.Қараңдаршы сахнада отқан көбісі кішкентай бүлдіршіндер ертен бұлар біріншіге барады, сондықтан сіздерге айтарым шаштарыңды қимай бірінші сыныпқа бантиктеріңмен келіңдер.

Жиналды достар және көрермен,

Біздің қыздарымызды құттықтауға.

Бірақ олар қайда көрмей тұрмын мен,

Қане шақырайық оларды сахнаға.

1-топ «Аққу» олар аққудай көрікті , әсем қыздырымызды ортаға сіздердің шапалақтарыңызбен сахна төріне шақырайық. «Аққу» тобының қатысушылары: Айзат пен Маргарита және олардың көмекшілері Аркеназ бен Орынгүл.

2-топ  «Қарлығаш» олар қарлығаштай мейірімді, адамның досы. «Қарлығаш» тобының қатысушылары:Гүлдария мен  Айша және олардың көмекшісі Анита.

Қазақтың көре білген шын асылын,

Байқайық өнерлерін оқушылардың.

«Бұрымды қыз 2014» сайысын бастау үшін.

Танысудың рәсімін.

1-кезең  «Таныстыру» (әр топ өздерін таныстырады, төс белгілерін көрсетеді,ұрандарымен таныстырады.)

 

Өзінің от терінің ұғындырып,

Көрсетер көп ізденген мығым қылық,

Келесі бұл сайыстың жоспарында

Түседі бәсекеге білімділік. Енді келесі кезекте –мақалдардың жалғасын табу қажет. Және де екі топқа бірдей емес бөлек айтылады егерде қойылған мақалдың жалғасын 1- топ таба аламаса келесі топтың жауабын қабылдаймыз. Осымен сайыс сөйтіп жалғаса береді.Ендеше бастайық.

Мақалдар:

1.Өнер көзі – (халықта)

2.Өнерлінің он саусағы тең,

(Өнерсіздің бір саусағы кем).

3.Өнегелі елден (өнерлі бала туар)

4.Шебердің қолы ортақ,

(Шешеннің сөзі ортақ),

5.Шебердің саусағы (алтын)

6.Еңбек түбі- (береке)

7.Еңбек өнер өрісі,

(Өнер өмір жемісі)

8. Еңбекпен тапқан (нан тәтті).

9.Ер тынысы – (еңбек)

10.Талаптыға (нұр жауар)

 

Ж:Біздің халық өнерпазға бай халық,

Әнші деп те, күйші деп те айтайық

Талаптарын таудай екен , ол енді,

Өнеріңді көрсетсеңдер қайтеді. 3-кезең – «Өз өнерін көрсету». Енді екі топтың қандай өнер дайындағын көрейік. 

Ж:  4-кезең сұрақ-жауап деп аталады. Мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап берулерін тиіс және сұрақ бәріне бірдей қойылады.

1.Шашты қалай күтіп ұстауға болады.

2.Жарнамада қандай шампуньдердерді көрдіңдер.

3.Қандай шампуньдерді білесіңдер.

4.Шашы ұзын қандай танымал әншілерді білесіңдер.

5.Мода дегеніміз не?

6.Сіздер жеңіліп қалсаңыздар, ренжейсіздер ме ? , көніл күйлеріңіз түсіп кете ме ?

Енді әділқазы алқасы әр қыздың шашын өлшесін .Қай қыздың шашы ұзынырақ болып шықса өзіне қосымша ұпай  алады.

 Ж: 5-кезең «Сән үлгісі».Бұл сайыс біздің қыздарымыздың өздерінің ұшқыр ойынан шығарып алған «болашақ ғасырдың » сән атльесінің үлгілерін ұсынады. Әзірше біздің сайыскерлеріміз дайындалып жатқан кезде әуенді үзіліс жасайық.

Биші қыз әсем сазбен бұралғанда,

Көңілің бір тыншылмай тұра ала ма?

Алыстан келген дейсің бір арманнан,

Жалындап қалғандайсың бір арманға.

Кенжина Дильназдың орындауындағы  үнді  биі қабыл алыңыздар.

Ж : Соңғы 6-кезең  «Шаш үлгісі»Бұл сайыс үй тапсырмасы болатын, сондықтан  да балалар алдын ала дайындап келген шаш үлгілерін көрсетіп,олар туралы түсініктер береді.

Ж: Осымен сайысымыздың бар бөлімдері аяқталды, әділ қазылар өз қорытындысын шығарсын.

Қорытынды бөлім:жеңімпаз топты атау,оқушыларды марапаттау.

Ж: О , қазақтың қыздары , ғажап неткен,

Сұлулықты,өнерді қанат еткен.

Паш етті қазағымды күллі әлемге,

Оларға ай қызығар қарап көктен.Осы әдемі өлеңмен біз «Бұрымды қыз 2014 » сайысын аяқтаймыз.

Ән жырдан көңіл жасын талдаңыздар,

Барымен шат шадыман болыңыздар.

Қоштасайық,келесі кездескенше !

Әрдайым сау-саламат болыңыздар!

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.96 Kb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 199

Похожие материалы