Қазіргі таңда Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелері
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Бегимбетова Бахыт Ахылбековна
|
Тақырып: Қазіргі таңда Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелері Көнбейді тарих бос сөзге, Халықтың жолы – қиын жол Беттері оның бір кезде Малынған қанға оның мол Ойсыз да жадсыз сүйгендік, Еркіндік болар жолын қор. Ақын Ярослав Смеляков. Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ғылымының жаңа сапалық сатыға көтерілуіне Елбасы Н.Назарбаевтың жариялаған тарихи құжаттары негіз болып отыр. Ол «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы және 2012 жылғы 14 желтоқсанда жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы. Бағдарламалық мақалада тарих оқулықтарын ең биік талаптарға лайықтап жазу және Өлкетану пәнін оқытуды қолға алуға тапсырма берілсе, Жолдауда инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын паш етті, ұлттың тарихи санасын қалыптастыруды, бүкілқазақстандық бірегейлікті халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналдыруды жаңа патриотизмнің алғышарты ретінде айрықша атап өтті. Жолдау барша отандастарымызға келешектегі дамудың бағыт-бағдарын айшықтап берді. Бұл тарихшы ғалымдар үшін бағдар болатыны анық. Президент Нұрсұлтан Назарбаев тарихи құжатта: «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген болатын.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 62.5 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |