Бала Тұрар 4-сынып әдебиеттік оқу
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Ташикова Тоты Нұрсұлтанқызы
|
Сабақтың тақырыбы: Бала Тұрар
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы бойынша мағлұмат беру.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Оқушыларды жақсы оқуға,көп ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: КВН-сабақ
Сабақтың көрнекіліктері:
Слайдтар, атрибудтар, суреттер, СТО, геометриялық фигуралар, сіріңке, түймелер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше,өйткені біздің сабаққа көптеген қонақтар келіп отыр.
-Бүгінгі әдебиеттік оқу сабағы жарыс түрінде өтеді, яғни КВН-сабақ болады.
1 топ- «Астана» тобы
2 топ- «Мәскеу» тобы
3-топ- «Нью-йорк» тобы
-Балалар, бұл КВН-сабақ болғандықтан,яғни әділ-қазылар алқасы да болады. Әділ-қазылар алқасымен таныстыру. Әділ-қазылар алқасы әр тапсырманы бағалап отырады.
Бағалау тәсілі: «5», «4», «3».
Негізгі бөлім.
1 тапсырма.
1.Қазақ даласында алғашқы мектепті кім ашты?
2.АҚШ-тың президенті кім?
3.1 қыркүйек-ол қандай күн?
4. 3,7, 9-қандай сандар?
5. Владимир Владимирович Путин-ол кім?
6. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
7. Аспара,Қызыл жебе,көке дегеніміз не?
-Балалар, Аспара, Қызыл жебе, көке дегеніміз не екенін менде білмеймін,оны Тұрар деген бала біледі екен. Сондықтан бүгін біз сендермен Шерхан Мұртазаның «Бала Тұрар» атты мәтінімен танысамыз.
2 тапсырма.
«Бала Тұрар» мәтінің өзім оқи бастаймын,сосын әр топтан 3 оқушыдан оқып, жалғастырады.
-Балалар, түсініксіз сөздерді түртіп отырасыңдар
Сөздікпен жұмыс:
Селсоқ - ықылассыз
Бешпент - жеңіл сыртқы киім
Надандық - білімсіздік
3 тапсырма.
Мәтін бойынша сұрақ - жауап әдісін жүргізу:
А) Мәтіндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
Ә) Аспара,Қызыл жебе, Көке дегеніміз не?
Б) Атамырза неге күлді?
4 тапсырма.
Топтық жұмыс.
1-топ:Бірдей әріптерді сызып,сөздер құрастыру./Кітап,бор,ұстаз/.
2-топ: «Байланыстырғыш» суреті бойынша сөйлемдер құрастыру.
/Ат 7 Кітап /
3-топ: «Әрі оқу,әрі ойын» .Берілген сөздерді орысша және ағылшынша айту.
5 тапсырма.
Үй тапсырмасы.
1 топ: Ертегі қалам туралы. /қазақша/
2 топ: Өлең сөмке туралы. /орысша/
3 топ: Диалог журнал туралы. /ағылшынша/
6 тапсырма.
Топтық жұмыс.
Берілген мәтіннен бір заттың бейнесін құрастыр.
1-топ: Геометриялық фигуралардан құрастырады.
2-топ: Түймелерден құрастырады.
3-топ: Сіріңкелерден.
7 тапсырма.
Топтық жұмыс.
1-топ: «Бес жолды өлең» құрастыру.
2-топ:Сахналау.
3-топ:Мәтін бойынша сұрақтар дайындап,қою.
КВН-сабақты қорытындылау:
Сұрақ-жауап әдісін жүргізу.
Әділ-қазылар алқасына сөз беру.Әділ-қазылар алқасы КВН бойынша
қорытынды жасайды.
Үйге тапсырма:1. «Бала Тұрар» мәтінін мазмұндау.
2.Тұрар Рысқұлов туралы шығарма жазу.
Оқушылардың білімін бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 15.5 Kb |
Количество скачиваний: | 38 |