Поурочный план торгай дошкольные группы
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Мусаева Сандугаш Турлыбековна
|
Тақырыбы: Торғай
Бөлімдері:Мүсіндеу
Мақсаты: 1.Ермексаздан торғайдың бейнесін келтіріп мүсіндеуді үйрету.
2.Саусақтарды мүсіндеуге жаттықтыру,ұсақ қол қимылдарын жетілдіру..
3. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер :көрсету,түсіндіру,салыстыру,мадақтау,көркемсөз қолдану. Қостілдік компанент : торғай-воробей,құстар-птицы.
Көрнекіліктер:үнтаспа,ермексаз,тақтайша,таяқша,сүрткіш,құстардың суреттері.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Әңгімелесу:
-Балалар,қандай дала құста-
рын білесіңдер?
-Дұрыс,айтасыңдар балалар.
(Тақтадағы суреттерді көрсету)
-Балалар,біз бүгін мүсіндеу сабағында торғайды мүсіндеп
үйренеміз.
Торғай,қарға,тоқылдақ,
көкек .
Анықтап қарайды.
Балалар қуана келіседі.
Ұйымдастыру-іздестіру
-Балалар,кім торғай туралы
тақпақ айтып береді?
-Балалар,торғайдың түсі қандай?
-Неше бөлшектен тұрады?
-Басы,денесі қандай пішінге ұқсайды?
-Қанаттары қандай?
-Аяқтары қандай?
Мүсіндеу барысын көрсетіп,
түсіндіру.
Мүсіндеу әдіс-тәсілдерін еске түсіру: домалату,созу,тегістеу,
Балаларға мүсіндеуге уақыт
беру;
Сергіту сәті :
Қарға біздің қар,қар,
Сауысқан саңқ,саңқ.
Торғайларым шиқ,шиқ,
Жапалағым ух,ух.
Көкек,көкек ,көкек деп,
Ұшады екен желпілдеп.
-Енді балалар жұмыстарыңды
жалғастырыңдар.
(Жұмыс барысында қиынсынған
балаларға көмектесу)
Балалардың жұмыстарын аяқ-
тату;
«Кімнің дауысы екенін тап?»
ойынын ойнату.
Шыр- шыр еткен торғайды
Қорғамаса болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар,
Бақшамызды қорғайды.
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді
Бақшамызға қонбайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар тәрбиешімен бір-
ге мүсіндей бастайды.
Балалар қимылдарымен
айтып жасайды.
Балалар жұмыстарын
аяқтайды.
Үнтаспадан естілген құс-
тардың дыбысын ажыратып,айтады.
Рефлексивтік-
түзетушілік Көрме ұйымдастыру,балалар-дың жұмыстарын мадақтау.
Балалар өз әсерлерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Құстарды мүсіндей алады.
Қандай түсініктерді игерді: Мүсіндеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін біледі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларын ортаға салып,өз бетімен жұмыс істей алады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.05 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |