Балабақшадағы күй сандықтың ашылуы

Предмет: Музыка
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Білім беру саласы: Шығармашылық

 Бөлім: Музыка

 Тақырыбы: Балабақшадағы күй сандық.

Мақсаты :Қазақ музыка өнерінің дамуын балаларға үйретіп, түсіндіру.

Қарапайым музыкалық шығарма сипаттарын айқындауы.

 Қазақтың композиторы « Қорқыт атамен»  танысуы.

Жабдықтау: Ұлы композиторлардың суреттері,аспаптар: домбыра, қобыз..

Музыкалық жабдықтар: Марш «Өркенді Қазақстан» Қ.Деріпсалдин «Ана»,  « Көктем»,  К. Дүйсекеев «Домбыра әні» , «Балбырауын» Құрманғазы Сағырбаев «Науай», Дина Нүрпейсова  «Әлқисса» Нұрғиса Тілендиев «Қоңыр» Қорқыт.

 

Іс-әрекет

кезеңдері

             Музыка жетекшісінің іс –әрекеті

      Балалардың  іс-әрекеті

               Мотивациялық -

                  қозғаушылық

 

 

 

Ән-күй залында музыка ойналады.Жетекші музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен балалармен  амандасады. «-Сәлеметсіңдер ме балалар»

 

Балалар музыканың сүйемелдеуімен залға кіреді.Шеңбер жасап тұрады. музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен музыкалық жетекшімен  амандасады.

«Сәлеметсізбе»

Ұйымдастыру – іздестіру

                                       

-Балалар біз бүгін өнер әлеміне келіп тұрмыз. –Біз қазір даусымызды ашу үшін жаттығуды орындаймыз.

-Балалар біз даусымызды аштық, енді К.Дүйсекеевтің «Ана» әнін орындаймыз.

-Бүгінгі оқу-іс әрекетімізде  Қ.Қуатбаевтың «Ақ әжем» әнін  үйренуді жалғастырамыз.

-Балалар біз қазір  қазақ музыка өнеріне үлкен үлес қосқан  ұлы композиторларды есімізге түсірейік.

Слайд арқылы композиторлар көрсетіледі.

-Балалар мына суреттегі композиторларды атап беріңдерші?.

-Бұл композиторлар  күйлерін домбыра аспабына арнап жазған.

-Домбыраның құрылымы туралы сұрау.

Д/о «Әуенді тап»

Мақсаты: тыңдалған күйдің атымен композиторын атап беру.

-Балалар Жанелдің домбыра туралы әнін тыңдадық.

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде музыкалық аспап «Қобыз» жайында мен сендермен сыр шерткім келеді.

Осы қобыз аспабын Қорқыт атамыз ойлап шығарған.

-Қорқыт VII ғасырда өмір сүрген  данагөй  күйші ,би хандарға ақыл айтқан.Қобыздың қалай пайда  болғаны туралы аңыз да бар .

-Көрініс «Қобыздың пайда болуы туралы»

«Қорқыт өте қаиетті болып туады. Бір ой оны мазалай береді.Бір күні ағашты қолына алып, ойланып отырып, ұйықтап кетеді. Түсінде періштесі аян береді.Сенің жасайын деп жатқаның «Қобыз» аспабы.Қарағайдан ойып,үйеңкіден үйіріп,шанағын түйенің терісінен шегін аттың қылынан жасайсың –дейді. Қорқыт қобызды жасап шығарады. Өзінің қайғысын  шерін қобыздың үнімен шығарып отырған.

Балалар келесі оқу іс-әрекетімізде «Қобыздың» құрылымымен жақын  таныстырып өтемін.

Енді  «Қоңыр»  күйін тыңдаймыз.

-Осы күйді тыңдағанда, қандай сезімде болдыңдар?

 

- Ия балалар Қорқыттың күйі мұңлы  болып  келеді.

 

-Балалар  музыка нешеге бөлінеді?

-Олар қалай аталады?

 

-Балалар дауыстарын ашу үшін жаттығуларды орындайды.

-Балалар үйретілген әнді қайталайды.

 

 

-Балалар «Ақ әжем» әнін үйренуді жалғастырады.

 

-Балалар суретке қарап композиторларды атап өтеді.

-Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нүрпейсова,Нұрғиса Тілендиев.

 Бибігүл  домбыраның құрылымы туралы айтып өтеді.

 

Жанел «Домбыра туралы ән» әнін орындап береді.

-Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

-Көріністі қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар  «Қоңыр» күйін

 тыңдап, өз сезімдерін  айтады:

Көңілсіз,

Мұңлы.

 

 

Музыка көңілді ,көңілсіз болып екіге бөлінеді.

 

-Оны біз мажор, минор дейміз.

                 Рефлекциялық – түзетушілік                                                                                      

Ойын:«Күн мен жаңбыр»

Балаларға  өзімнің шығармашылығымдағы әуенді ойнай отырып ,қолдарыңдағы берілген карточка арқылы сәйкес  көңіл күйді ажыратасыңдар.

-  «Вальс биі» ритмикалық ширату.

-Балалар күнделікті   вальс биінің қимылдарын билейміз.

-Балала бүгінгі оқу-іс әрекетіміз сендерге ұнады ма? 

 

-Несімен сендерге ұнады?

 

Балалар музыкалық үзіндіні тыңдайды және оған сәйкес  карточканы көрсетеді.

 

 

Балалар  вальс қимылдарын билейді.

 

 

Ұнады.

 

Қорқыт атамен таныстық.

Күйлерді тыңдадық,би биледік, ән айттық.

 

 

Күтілетін нәтиже:Балалар бүгінгі оқу-іс әрекетінде өз білімдерін көрсете алды.

Нені білді: Бүгінгі оқу –іс әрекетіндегі  композиторларды және олардың күйлерін  тани білді.

Нені игерді: Композитор Қорқыт атамен және музыкалық аспап «Қобыздың» сырымен танысты.

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 71.88 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 143

Похожие материалы