Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың маңыздылығы
Предмет:
Классному руководителю
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Серикбаева Салима Толегеновна
Здесь была ссылка на работу Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың маңыздылығы автора Серикбаева Салима Толегеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ойын-бұл ,еңбек баласы.Бала үлкендердің іс-қимылына қарай отырып, сол қимылдарды ойынмен ұштастырады.Бала ең алдымен өзін қоршаған заттармен ойнайды. Өсе келе қоршаған ортаға көңіл аударып мамандыққа байланысты ойындар ойнайды.Жас баланың бұлай ойнауы оның сана сезімінің өскендігін байқатады.Ойындардың дамуының өзінде де біршама кезеңдер бар,заттық түрде рольдік ойынға, ал рольдік ойыннан дидактикалық ойынға ауысады. Баланың дидактикалық ойынды қызыға ойнауы ,оның ойлау қабілетін дамытады. Математикалық ойындар бала өмірінде айрықша орын алады.Олар балаға математикадан алғашқы түсінік береді. Сабақта өтілген материалға сәйкес дұрыс жүргізілген дидактиклық ойындар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ,белсенділігін арттырып,тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпалын тигізеді. Ойынның арқасында оқушылар қызыға отырып көптеген математикалық тапсырмаларды орындайды ,олар теңдеулер құру,оны шешу,ауыстырымдылық қасиеттерді меңгеру, өмірде қолдануға үйренеді , қорытынды жасай біледі. Дидактикалық ойын сабақты түрлендіруге есеп шығаруда түсірілген салмақты жоюға септігін тигізеді. Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты – балаларға білім-білік, іскерлік, әдет-дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету.Дидактикалық ойындардағы негізгі міндеті – балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту.Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойлай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.Дидактикалық ойындарды ойнай отырып бала көптеген қиындықтарды жеңуге тырысады, өз күшіне ,қабілетіне сене біледі, қабілеті мен іскерлігін арттыра түседі.Дидактикалық ойын арқылы бала тапқырлыққа шапшаңдыққа тәрбиеленеді.