Баяндама " Ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастыру"
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Джубанышкалиева Гульнара Камитовна
|
Тіл – қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз. Сөйлеудің негізгі мағынасы адамның әлеммен қарым-қатынасы адам санасында көрініс табатын ой. Сөйлеудің негізгі объектісі адамның шыншыл өмірмен байланысы. Биляев ойынша шет тілін игеру яғни басқа тәсілдермен және жолдармен санадағы ойды шығару. Сөйлеудің құрылымына тоқталатын болсақ оны психологтар былай көрсетеді. Сөйлеуді адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады. Ағылшын тілін оқытудың алғашқы сатыларында оқушыларда ағылшын тілінде өз ойын жеткізу қажеттілігі туады. Ол қарым-қатынас жасап отырған қимыл іс-әрекет негізінде көрінеді. Мысалы бірдеңені жеткізу, сұраққа жауап беру, өтінішті орындау сондай-ақ қаламды әперу, есікті ашу, тақтаны сүрту т.б. Бұл жағдайлардың негізгі мақсаты күтілетін қорытынды. Бұл бөлімде сөйлеу мынадай қызметтерді ғана атқарады. Атап айтсақ не үшін, неге және не айту керек. Сөйлеуді қалай жүзеге асыру сөйлеудің 2-ші бөлімін де яғни аналитика-синтетикалық бөліміне қатысты. Бұл бөлімінде тіл арқылы ойды жүзеге асыру процесі жүреді. Ағылшын тілінде ойды жеткізу кезінде оқушы естегі сөздерді теріп (анализ) оны ойды жеткізу үшін сөйлеу бүтініне қосу керек (синтез). Сөзді жадыда сақтау үшін оларды белгілі бір нәрсемен қатысты жүйелеу керек. Олар парадигматикалық және синтагматикалық бола алады. Сөйлеудің осы екі түрі көп болса оқушының сөйлей алу қабілеті жоғары болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 31.61 Kb |
Количество скачиваний: | 30 |