Баяндама: Адамгершілік тәрбие – рухани тәрбие негізі
Предмет:
Другое
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Серикбаева Салима Толегеновна
Здесь была ссылка на работу Баяндама: Адамгершілік тәрбие – рухани тәрбие негізі автора Серикбаева Салима Толегеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жастарға рухани – адамгершілік тәрбие беру –қазіргі қоғамның ең маңызды міндеттердің бірі.Бұл қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын міндет. Қазіргі жастар тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны рухани дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов ... еңбектерінде орын алған. Өтінішке орай,жастардың еңбекті сүймеуі, жалқаулық,нашоқорлық пен маскүнемдік ұлттық адамгершілік тәлім-тәрбиенің дұрыс жүргізілмеуінен туындап отыратын құбылыстар. Біздің оқушылар арасында еліміздің тарихын,тілін,мәдениетін білмейтін, мәдени және әдебиет кітаптарды оқымаған жастар көптен кездеседі. Қазақ әдебиеті пәні сабағында белгілі тақырыпқа байланысты қажетті кітаптарды оқып, кітаптың мазмұның байланысты ашатын компотенттерін тауып оқытамыз.Жастар оқу барысында жұмыстар арқылы рухани құндылығын дамытады. Кітап оқығанда олардың жанашарлық сезімі оянады, кешірімді болуға тырысады, қамқорлық болуға үйренеді.Көркем шығармаларды өзінің қиялы арқылы жеткізуге,кейіпкерлерінің өзіндік ерекшеліктері мен мінез – құлықтарын байыппен аңғаруға, олардың іс-қылықтарын дәлелдеп, қорытындылауға үйретеміз.Оқушылар оқу барысында жұмыстар арқылы рухани құндылығын дамытады. Кітап жастардың білімін арттыратын,сөйлеу мәдениетін дамытатын рухани құндылықтарын қалыптастыратын досы. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсының ерекшеліктерін жетік білетін оқытушы халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдеп-ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар,өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс.Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен анықталады.Ұлы ойшыл Ж. Баласағұн « Адамдардың жақсы қылықтары мен қасиеттерін жетілдіре білсе, қоғамды да жақсартуға болады» деген. Биыл біздің мектепте семинар өтті. Қазақ тілі пәнінен 10 сынапта «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбына ашық сабақ өткіздім. Сабақ барысындағы тапсырмаларды жаңа формат стратегияларын қолдану арқылы құрастыруға тырыстым. Орыс сыныбында грамматикалық және лексикалық тақырып бірге жүреді.Берілген сұрақты түсініп, оған жауап беру,өз ойын жеткізе білуге, қазақша сөйлеуге назар аударамын. Жайлы психологиялық ахуал орнату мақсатында, «шашу» дәстүрінен және «Сарыарқа» күйінен бастадық.Оқушылар үш топқа бөлініп,бір-біріне көмектесіп тапсырмаларды орындады.Тапсырма орындау барысында топтың әр мүшесі өз деңгейінде топтың жұмысына қатысып отырды.Білім деңгейлері жоғары оқушылар орташа оқушыларға жетекшілік ететіні байқалады.Өткен материалды бірігіп қайталап шығу тиімділігін көрсетеді.