Сабақтың тақырыбы:“Темекі мен арақтан, аман болшы балапан!”

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Хатшы(Диана): – Сот кезінде тыныштық сақтауларыңызды өтінеміз. Сот келеді, орындарыңыздан тұрыңыздар!Сот төрағасы(Олжас): -Мемлекетіміздің бөлшегі- отбасымыздың шырқын бұзып, қоғамымызды айықпас дертке айналдырып жүрген спиртті, темекіні айыптап, қоғамнан алыстату мәселесін қараймыз. Бірінші куә, спирттің, темекінің шығу тарихы өмірбаянымен таныстырады, сөз тарихшыға беріледі.Тарихшы(Жанель): -Бұрын адамзат ішімдікті білмеген. Египетте жүзімді ашытып, шарап жасай бастады. Осылайша спирт барлық елдерге таралды. Арақ ішкен адам қоғамға тек қасірет әкелетін болғандықтан, кейіннен халық оны «қасірет суы» деп атап кеткен. Темекінің шығу тарихы Португалияның Париждегі елшісі Жак Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған. Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. “Расанолла” аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы “тобоко” деп аталады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.33 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 132

Похожие материалы