Сабақтың тақырыбы: «Есептер шығару»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың тақырыбы:        Есептер шығару Сабақтың мақсаты:      Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Міндеттері:   . 1 Қосындыны санға көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтауға                              арналған есептерді әртүрлі тәсілмен шығаруға машықтандыру,                              пысықтау, қайталау.                         2. Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, есте сақтау,                                логикалық ойлауы мен танымдық қабілеттерін арттыру, оқушы                         белсенділігін арттыру.                         3. Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, пәнге деген                              қызығушылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі:   Аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі:   Сұрақ-жауап, қайталау. Сабақтың көрнекілігі:   Абайдың «Бес асыл іс» сөзі, «Бәйге» ойыны, үлестірме   материалдар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: (Психологиялық дайындық) Оқушылар жұмыстарына сәттілік тілеп, жылы лебіз көрсету (бір-біріне күлкі, сәттілік сыйлау) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. - «Ғылым таппай мақтанба, Білім таппай баптанба ... «дегендегі орын деп отырғаны алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын.Ендеше осы« Бес асыл іс «бойынша есептер шығару арқылы алған білімдерімізді көрсетейік. ІІ.Өткенді қайталау, білімдерін тексеру 1. Ауызша есептеу арқылы «Рақым» кезеңінен өту (адам бір-біріне жақсылық жасап, көмек беріп, мейірімді болу.Өзіне ойлаған жақсылығын өзгеге жасау).   7-ні  3 есе арттыр,  4-ті  5 есе арттыр,  48-ді  6 есе кеміт, 600-ді   2 есе кеміт т.б. (Әр оқушының жауабын бағалау) 2. «Бәйге» ойыны. «Қанағат» кезеңі (барға риза болу, місе тұту, бізде қанағат болу керек, сендердің білімдеріңе қанағаттандым).
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.93 Kb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 92

Похожие материалы