Здесь была ссылка на работу Доклад на тему «Электронный учебник» автора Шипина Алия Асылбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Электрондық оқулық Қазіргі заман талабына сай болашақ мұғалімдерді даярлауда электрондық оқулықтар тиімді болып отыр. Мектеп мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру – бүгінгі күннің талабына айналғаны сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда электронды оқулықтардың көптеп пайдаланылуын міндеттейді. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау және пайдалану. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықтарды пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмай отыр.Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтежиесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік туғызады Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе.Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжіребиесінде материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық. Тиімді жақтары Тиімсіз жақтары Ø Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды. Ø Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады. Ø Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады. Ø Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар. Ø Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі. Ø Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген. Ø Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады. Ø Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады. Ø Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді. Ø Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады. Ø ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары Ø Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы. Ø Пән аралық байланыстың аздығы. Ø Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау. Ø Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген. Ø Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару. Ø Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген. Ø Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы. Ø Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі. Ø Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы. Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады: 1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану; 2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау; 3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау; 4. Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда: ü Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді; ü Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады; ü Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі. Кез келген сабақ бойынша ең бастысы электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Қазіргі кезде электрондық оқулықтарды, аудио, видео, теледидар, компьютерді пайдалану барысында, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының жоғары екендігін байқауға болады. Электрондық оқулықтарды пайдаланудан күтілетін нәтижесі: - жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру; - жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту.