Әбділдә Тәжібаев Толағай дастаны
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Садыкова Айгуль Жарылгаповна
|
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Чернигов орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Садыкова А.Ж.
5а сыныбы
Ашықсабақ
Тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
1) Автор туралы мағлұмат беру, «Толағай әдеби ертегісінің мазмұны, идеясымен таныстыру:
2) Әдеби ертегіні ертегіден ажырата білуге үйрету, талдай білуге, өзіндік ойын дәлелдей, тұжырымдай білуге жетелеу, мәнерлеп оқуға машықтандыру:
3) Оқушының өз ойын жүйелі айта білуіне, шапшандыққа, сөздік қорының сапалылығы молдығына назар аудару. Елге, отанға деген патриоттық сезімдерін оятып, сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Жазушы портреті, , суреттер
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әдеби ертегіні талдау, жеке тапсырмалар орындау, салыстыру, мәнерлеп оқу, инценировка.
Сабақтың барысы
Үй тапсырмасын тексеру:
І. Ой қозғау стратегиясы.
Ертегі дегеніміз не? Ертегінің неше түрі бар? (Сызбамен көрсету)
Қиял-ғажайып ертегі Хайуанаттар туралы ертегі
Ертегі
Шыншыл ертегі Әдеби ертегі
Ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атаймыз. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.
ІІ. Әбділда Тәжібаевтың өмірі, шығармашылығы.
1. 1909 жылы 4-ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2. 1998 жылы 23-қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.
3. Ә.Тәжібаев-ақын, драматург, әдебиет зерттеуші, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымының докторы, профессор.
4. Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарған.
5. Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» 1933 ж. жарық көрген. 50 шақты кітаптың авторы.
6. «Толағай» әдеби ертегісі 1978 жылы жазылған.
7. «Жамбыл» кинофильмінің сценарийін жазған.
Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен 2 рет, «Құрмет белгісі» орденімен», медальдармен.
Жаңа сабақ.Ә.Тәжібаев- туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Сыр өңірінде дүние есігін ашқан Әбділда әкесінен ерте айырылса да, анасының аялы алақаны арқасында жатқа жалтақтамай өсті. Бала кезінен әдебиетке құмарлығын оятқан анасы.Айманкүл шеше таңды таңға қосып, қисса оқыған. Тіпті атақты Нартай ақынмен анасы айтысқа түскен. Ақынның әдебиетке жақындығы осыдан басталса керек. Әбділда ақын халқын «Толағаймен» табыстырды. Толағай еліне жаңбырлы тауды қалай көтеріп әкелсе, ақын поэзияға өзінің арқалы жырларын солай арқалап келді. Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.
Біз өткен сабақта Толағай ертегісін үш бөлімге бөлген болатынбыз. Сол үш бөлімнің мазмұны туралы кім айтып береді?
2. «Толағай» ертегі дастаныны мазмұндау.
1). Ерекше өскен Толағай.
2). Толағайдың жолбарыспен айқасы.
3). Елі үшін құрбан болған Толағай.
«Толағай мен анасы» атты инсценировка қою.
Толағай: -Ел басына ауыр күн туды. Маған еліме көмек беру керек.
Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырамын,
Адал ақыл айтар кімдер?
Анасы: -Балам, Толағайжан! Мына жерде жалғыз өзің не істеп жүрсің? Тыныштық па?
Толағай: -Уа, Анашым! Жаным күйзелді. Жауын жаумай еліс күйзелуде. Не істесем болады?
Анасы: -Е, балам! Бұған не істей аласың?
Толағай: -Білсең, апа, айтшы,
Көп жауады өайда жауын?
Анасы: «Тауда тандыр»,
Қарлы, шыңды тау жерінде,
Тарбағатай өңірінде.
Толағай: -Иә, (қуанып) Анашым! Мен онда сонда барамын. Сол жаңбырды еліме алып келемін. Бұл жерде бір сәтке де кідірмеймін (Жүгіре басып кетеді)
Анасы: (Музыка ойналады) –Толағайм, жалғызым! Көзімнің қарашығы, жұбанышым! (жылап) Қайда, қайда кеттің бізді тастап! (Отырып бетін басады)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
Енді «Толағай» атты әдеби ертегінің ішкі мазмұнына, оқиғасына бойлап, талдап көрейік. Оқулықтан 127,128-беттерді оқып «Толағай» портретіне талдау жасау.
-Бір жастағы Толағай бейнесі.
-Үш-төрт жастағы бейнесі.
-Жеті жаста қандай болды?
Мергендігін қай жолдардан байқаймыз?
2-жұп. Оқулықтан 128,129-бет, «Жолбарыспен кездесу».
-Әкесінің Толағайды жақсы көретін жолдарын тап.
-Жолбарыс бейнесі.
3-жұп. Оқулықтағы 129,130-бет, «Жолбарысты жеңу».
-Ұйқыдан оянған Толағай нені көрді?
-Жолбарыстың Толағайдың әкесін өлтіргелі жатқан суреттеуді тап.
-Толағайдың ашулануы, жолбарысты жазалауы.
-Толағайға жолбарыс не сияқты болып көрінеді? Бұдан Толағайдың қандай бейнесін көресің?
-Толағай бейнесі сендерге ұнады ма?
-Осындай елге деген сүйіспеншілік сезім сендердің бойларыңнан табыла ма?
ІҮ. Салыстыру. Венн диаграммасы.(Екі оқушы венн диаграммасын толтырады)
-Толағай бейнесі мен «Керқұла атты Кендебайдағы» Кендебай бейнесін салыстырып көрейікші.
Толағай
Ортақ белгі
Кендебай
«Толағай ерегісінің авторы бар.Авторы-Ә.Тәжібаев.
Өлеңмен жызылған.
Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығарады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді, кедей балаға, ата-анасын қайтарып әкелді
Ертегі
Батыр
Адал
Мерген
Күштілігін көрсетеді
Жақсылық жасайды
«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің авторы жоқ. Ол-халықтың шығармасы. Қара сөзбен жазылған.
10 баланы арқаласа, белі қайыспайды, жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді. Еліне
Ү.«Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша талдау.
Тақырыбы: Толағай
Авторы: Ә.Тәжібаев
Идеясы: Жанашырлық, еліне , халқына сүйіспеншілік
Кейіпкерлері: Толағай, Саржан әкесі, Айсұлу анасы, жолбарыс
Буын саны: 8-9 буынды
Жанры: поэзия.
ҮІ. Ролдік ойындар.
Кім? Қашан? Қайда?
Шығармалардан үзінді оқимын. Оқушылар қай кейіпкердің қашан, қай жерде айтқанын табады.
1. «Ұйықта қозым»(Саржанның Толағайды ұйықтатуы)
2. Өлдім, балам, Толағайжан! (Әкесі)
3. Көзімді іліп алайын (Толағай)
4. Күшті болсаң, келе қал (Толағай)
5. Жауын қайда көп жауады, білсең апа айтшы. (Толағай)
ҮІІ. «Толағай» әдеби ертегісін құрылысына талдау жасау.
1.Басталуы. Саржан атты мерген болуы.
2.Дамуы.Толағайдың дүниеге келуі.
3.Байланысы. Әкесімен аң аулауға шығуы
4.Шиеленісуі. Жолбарыспен айқасы
5.Шарықтау шегі. Еліне жауын жаумауы.
6.Шешімі.Еліне жауын жаудыруы
7.Қорытынды. Отан үшін отқа түс күймейсің.
ҮІІІ. Зерделеу .
Ертегіден тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді, көркем бейнелі ойларды теріп жазу.
Теңеу-ақ маралдай, күн нұрынан жаралғандай, туған айдай екі көзі, ақ тістері ақ меруерттей, қос жұлдыздай көз жанры, жалындайды жанған өрттей, көбелектей от айналған, аждаһадай аузын ашқан, тал шыбықтай.Ақша беті айменен тең,
Гипербола: Жеті жаста садақ тартты,
Атқан оғы тасты уатты.
Темірден де өткізеді,
Түндік жерге жеткізеді
Тұрақты тіркес: Оқтан ұшқыр өр жолбарыс, көздерінен шашып жалын.
-Тұрақты тіркес дегеніміз не?
ҮІ. Толғаныс. Автор орындығы
Мұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұны Толағай бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Толағай болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Толағай болғысы кереді? (Бір оқушы ортадаға орындыққа отырады)
1. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?
2. Алда –жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің?
3. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?
Сабақты бекіту. Толағайдың сипаты
Әдемі
Аңшы Мерген
Толағай
Ақылды Күшті, алып
Елін сүйген ер
Қорытынды бөлім.
1. Ертегі түрлерінің элементтерінің «Толағай» ертегісінде кездесуі.
Мысалы: 1) Толағайдың өсуі, тауды көтеруі-қиял-ғажайып ертегі элементтері; 2)Өткен (оқиғаның) ортасы жолбарыс көтеріп лақтыруы-шыншыл ертегінің элементтері.
2. Толағай сияқты халықтың таудай үмітін арқалап, таудай іс атқарып жүрген, Қазақстан атын әлемге паш ететін азаматтар бар ма? Атаңдар?
3. Толағайға хат.
Толағай, сен туралы бүгін Ә.Тәжібаевың өлеңінен біліп отырмын. Кішкентай кезіңнен алып болып өсіпсің, елің үшін жаратылғандай. Жолбарыспен күресіп ,әкеңді ажалдан алып қалдың. Елің үшін жаныңды қидың. Неткен алып жүректі адамсың! Жауын жаумай халқыңның басына еліңмен бірге мол қызыққа, бақытты өмірге кенелетін едің ғой! Сенің әкелген тауыңмен бірге жер-көктің шөлін қандырғандай жауын жауды. Халқың шексіз бақытты болып, бар ризашылығын өзіне арнады. Менің де өзіңдей халқыма пайдам тисе екен деп ойлаймын.
«Ерлік аспаннан түспейді, ол Отанды сүюден басталады. Ал Отанды сүю сүю үй ішінен, отбасынан басталады. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе» деп Б.Момышұлының қанатты сөзін естен шығармайық.
Бағалау.
Үйге тапсырма.«Отан үшін отқа түс күймейсің» (Ойтолғау жазу
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 30.59 Kb |
Количество скачиваний: | 52 |