14.ІІІ.2015ж Пәні: Қазақ тілі
Құрбаназарова Д
Тақырыбы : Бейнелеуіш сөздер
6-сынып
Мақсаты: Бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру, бейнелеуіш сөздердің еліктеуіш сөздерден айырмашылығын таныту. Бейнелеуіш сөздердің құрамы мен тұлғасына қарай түрлерін меңгерту
Міндеттері: Танымдылық: Оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру, оқу әрекетінде ББД қолдана алуын, мәтіннен негізгі ақпаратты бөліп алып, талдау, салыстыру, жинақтау және қорытынды жасай алу дағдыларын, логикалық ойлау әрекетін дамыту.
Эмоционалдық: Ұжымда жұмыс істеу, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру; өзінің де өзгенің де еңбегіне әділ баға беруге, еңбек мәдениетіне баулу.
Әлеуметтік: Әлеуметтік өзара әрекеттестікке оқыту арқылы барлық оқушылардың бірдей оқу, оқыту үдерісіне қатысуына ықпал ету
Күтілетін нәтиже: Топтасып жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға, уақытты тиімді пайдалануға үйренеді.Бейнелеуіш сөздің көру арқылы сипаттайтын сөздер екенін, бейнелеуіш сөздердің еліктеуіш-терден айырмашылығын, олардың құрамы мен тұлғасына қарай түрлерін біледі және ажырата алады.
Ресурстар: қосымша
материалдар, интербелсенді тақта
Негізгіидеялар : оқушылар топ болып жұмыс жасайды, тілдері дамиды, ойларын еркін жеткізуге үйренеді
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: ой қозғау, зерттеушілік әңгіме, топтық әңгіме, «Екі түрлі күнделік», «Мен» тұжырымдама.Ынтымақтастық идеясы.«Шаттық шеңбері»; «Миға шабуыл» ,
«Венн диаграммасы», «Ыстық орындық».
Сабақтың
кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
модуль
Топқабөлу
(2 мин)
Сынып оқушыларымен амандасамын,суреттер арқылы топқа бөлемін
Сыныптартопқа бөлінеді
жаңа
әдіс
Психологиялық жағым-ды ахуал
тудыру
(2 мин)
Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.
Ұстанымды еске түсіруді ескертеді
Топтар бір -біріне бір ғана сөзден тілек айтады
Топ басшыларына бағалау парағын таратып беру
жаңа
әдіс
Үй тапсыр-масын тексеру
(5 минут)
300 – жаттығу
(Мәтінді көшіріп жазып, еліктеуіш сөздердің мағынасын ашу)
301 - жаттығу(Еліктеуіш сөздерді пайдалана отырып, табиғат құбылыстарын суреттеп шығарма жазып келу)
«Миға шабуыл» әдісі
-Еліктеу сөз деген не?
-Еліктеу сөздер топқа бөлінеді ме?
- Неге байланысты?
-Еліктеу сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
-Еліктеуіш сөздер қалай пайда болады?
Үйге берілген тапсырмаларын тексеріп шығу
Ашық сұрақтарға жауап береді
(1, 2, 5, 6, 7 мо-дуль)
Білу
(5мин)
Слайдтағы бір беттің жартысында өзен-
нің, баланың, феерверктің суреттері мен олардың тұстарында дыбыстары орналас
қан. Дыбыс пернесін басқан кезде судың сылдырап ағып жатқан, баланың сыңғыр
лаған күлкісі мен феерверктің сатыр-сұтыр дыбыстары қосылады. Бұдан оқушылар еліктеуіш сөздердің табиғатта
ғы әр түрлі дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөздер екенін қайталайды. Слайдтағы беттің екінші жартысында найзағайдың, алтынның, тоңған адамдардың суреті берілген. Оқушыларға төмендегідей сұрақ қойылады:
-Еліктеуіш сөздермен салыстырғанда қандай айырмашылық байқадыңдар?
Суреттерді көріп, оқу әрекетінде ББД қолданып, негізгі ақпаратты бөліп алып, талдау, салыстыру, жинақтау арқылы қорытынды жасайды.
жаңа
әдіс-тәсіл
СТО
Түсіну
( 3мин)
Жаңа сабақ топпен жұмыс барысында ашылады. Топтар оқулықтағы «Бейнелеуіш сөздер» тақырыбын оқып, талдайды.
1 Ережені іштей оқу. 2 Жұптаса отырып талқылау
Жаттығу жұмыстарын орындау.
Жаңа
тәсіл
Қолдану
(5мин)
1.Кестені толтыр:
2.Сөйлем ішінен еліктеуіш сөзді тауып астын сыз:
Сонадайдан жарқ-жұрқ ойнап назар аударған өз күмбезі екен.Табан астындағы қап-қара майлы саз жас баланың еңбегінше былқ-былқ етеді.Қоңылтаяқ киген етік қолп-қолп етіп жүргізбейді
Деңгейлік тапсырмаларды орындау және жауабын тексеру
Өзін –өзі бағалау