"Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау" 9 "А"сынып

Предмет: Химия
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың өткен тараудан алған білімдерін жинақтау, бекіту, тексеру, бағалау, қорытындылау. Есептер шығару дағдысын қалыптастыру, теориялық білімін практикада ұштастыра білуге машықтандыру.
2. Оқушылардың өткен тараудан алған білімдерін өмірмен байланыстыру, теорияны практикамен байланыстыру арқылы ой өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң сақтауға үйрету арқылы оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: қорытындылау сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: сөздік көрнекілік, сұрақ жауап, плакаттар, есептер шығару, практикалық жұмыс, бағалау парақтары.
Сабақтың көрнекілігі: оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың, тұздардың үлгілері, индикаторлар, интерактивті тақта, слайдтар т. б.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. 2мин

Үй тапсырмасын сұрау.7мин

ІІ. Негізгі бөлім:

1.     Теориялық кезең - «Білімді мыңды жығар». 3мин

2.      Есептер шығару - деңгейлік тапсырмалар. 7мин

3.     Практикалық кезең - біліміңді іс жүзінде сынап көр. 12мин

4.     Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.   5мин

5.     Сергіту сәті - жұмбақтар, қызықты тапсырмалар. 2мин

ІІІ. Қорытынды бөлім: Кері байланыс, оқушыларды бағалау. 7 мин
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1.     Оқушылардың үйден дайындап келген тапсырмаларын орындау. Әр топ өзінің плакаттарын қорғау.

2.     1. Оксидтер дегеніміз не?     

       2. Негіздер дегеніміз не?  

             3. Қышқылдар дегеніміз не?      

             4. Тұздар дегеніміз не және қандай түрге жіктеледі?          

             5. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттескенде не түзеді?

             6. Бейтараптану реакциясы дегеніміз не?  

III. Қорытындылау сабақ.
  1. Бейорганикалық заттардың формулалары берілген,кластарға бөліңдер:
Na2O, KOH, CaCl2, LiOH, Fe(OH)2, AlCl3, CaO, HCl, H2SO4, MgSO4, Al(OH)3, Al2O3, Ca(NO3)2, HNO3, HBr       Оксидтер, Негіздер, Қышқылдар, Тұздар.

2.   Мына өзгерістік айналымдарды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар.

1)K→K2O→KOH→K2SO4

2) Ca→CaO→Ca(OH)2→CaCO3→CO2

3) S→SO3→H2SO4→BaSO4

3.        1) 120 грамм 15 %тұз ерітіндісін дайындау үшін қанша тұз және қанша су керек?

           2) 28 грамм кальций оксиді неше грамм азот қышқылымен әрекеттеседі?

           3) 16 г күкірт неше граммСа – мен әрекеттеседі ?

           4) Массасы  28г литий суда ерігенде сутектің (қ.ж) қанша көлем  түзіледі.

IV. Практикалық бөлім:1.  Үш топ берілген реактивтерді пайдаланып, тұздарды алу.

1-топ:  купрум хлориді, азот қышқылы, мырыш.

2-топ: кальций карбонаты, азот қышқылы, темір.

3-топ: натрий гидроксиді, азот қышқылы, кальций оксиді, кремний оксиді.

Тәжірибенің аты

Әрекеттесуші реагенттер

Реакция теңдеуі

Байқалған құбылыс

Қорытынды

         

2.     Индикатор түсінің  негіздік, қышқылдық ортада өзгеруін  анықтаңдар.

1-топ:  лакмус

2-топ: фенолфталеин

3-топ: метилоранж

5. Оқушылардың тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыстары. Әр топ берілген тапсырма бойынша дайындаған тақырыпқа байланысты қосымша материалдарын көрсету.

V. Сабақты бекіту.



Жұмбақтар:
1. Суды микробтан тазартам,
Мақтаны қардай ғып ағартам.
Жап жасыл газ боп алынам,
Адамға мен бағынам. (хлор)

2. Бір нәрсе жер мен көктің арасында
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да
Білінбей жер астында жүрсе дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына. (ауа)

3. Бірінші буыным «көп» сөзінің антонимі,
Екінші буыным тілсіз жау,
Бірақ химиялық элементпін. ( азот)

4. Қышқылға құлап қызардың,
Раушан гүлдей шырайлы,
Секірдің де сілтіге
Сарғалдақтай сарғайдың.
Тек тұрсаң да әдемі ең
Қызғыш сары сәбіздей,
Айтшы өзің кім едің? ( метилоранж)

 

5. Ең женіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан басталады.(сутек)

6. Өзі ауыр металлға жатады, балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын)

7. Машина мен трактордың жаны, қара металлургияның наны. (темір)

8. Өзім газбын менімен демаласың,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың                                            (оттек-кислород-оксигениум)

9. Осы затпен ескі үйді аластайды

Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды                                                  (күкірт-сера-сульфур)

10. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады                                 (қорғасын-свинец-плюмбум)

11. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,

Салмақта адамды мақтауды да келістіреді                                 (күміс-серебро-аргентум)

VI.  Рефлексияжәне бағалау. Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу

Топ басшылары өз тобындағы балаларды тапсырмалардың әр кезеңі бойынша ұпай сандарымен белгілеп отырып, сабақтың соңында бағалау.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.58 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 137

Похожие материалы