Биология пәнінен 9-сыныптар бойынша сабақ жоспары:Антропосоциогенез. Приматтар эвалюциясы

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні: Биология

Сыныбы: 9

Cабақтытың тақырыбы: §34. Антропосоциогенез. Приматтар эвалюциясы                                                                                                          

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі -  оқушыларды адамның шығу тегі эволюциясымен таныстыру.                                                                                                   

Дамытушылығы - оқушылардың  шығармашылық, ойлау қабілетін  арттыру. Тарихи ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Тәрбиелілігі - адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.                                  

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, география

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: маймылдар миының,қолының моделдері, сызба-нұсқа, сурет.

 Сабақтың әдісі:     Сұрақ жауап,баяндау, топтастыру.

 Сабақтың барысы:           І.    Ұйымдастыру бөлімі.

                                            ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру.

                                            ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.

                                            ІV.  Бекіту

                                            V.   Қорытындылау

                                            VІ.  Бағалау

                                            VІІ. Үйге тапсырма беру.

1. Антропология деген не?

2. рудимент,атавизм сөзін мағанасын түсіндіру.

3.Адамдардың жануарларға ұқсас құрылыс дене мүшелерін атау.

4. Адамның әлеуметтік факторлдарына тоқталу.

     Адамнын шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ұксас белгілер бар. Швед ғалымы К.Линней өзінің "Табиғат жүйесі" атты еңбегінде адам мен маймылды сүтқоректілер класының өкілі ретінде бір туыска жатқызған (1735). XIX ғасырдың бас кезінде француз ғалымы Ж.Б.Ламарк адамның жерде жүруге бейімделген маймыл тектес ата-тектен шықкандығын айтты. Ағылшын ғалымы Ч.Дарвин 1871 ж."Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу" атты еңбегінде: "Адам — тіршіліктің тарихи даму сатысындағы ең жоғары әрі соңғы буыны" деп көрсетті. Ол: "Адам мен адам тәрізді маймылдардың арғы ата тегі бір»— деген тұжырым жасады. Адамның жануарлар дүниесі жүйесіндегі алатын орны. Адамның жануарлар дүниесінің өкілі екендігі оның ұрықтык дамуы кезіндегі калыптасатын белгілерінен айкын көрінеді. ұрықтың алғашқы даму кезеңі — зигота бір клеткалы қарапайымдыларға ұқсаса, дамуының келесі бластула кезеңі вольвокске ұқсайды. Ұрық біртіндеп күрделеніп гаструлаға айналғанда, денесі екі қабаттан түратын ауыз қуысы және ішек қуысы бар гидрага ұқсайды. Міне, осылай даму барысында ұрықтың құрылысы күрделеніп, мүшелер жүйесі калыптаса бастайды. Адам ұрығының дамуының алғашқы кезеңінде барлык хордалылар (желілілер) типінің өкілдеріндегі сияқты ұрыктық арқа жағында жүйке түтігі, оның астында хорда (желі), ал хорданың астын ала ас қорыту мүшелері орналасады. Ас корыту мүшелерінің алдыңғы кеңейген жұткыншақ бөлімнің екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары болады. Адам хордалылар типінің ішіндегі омырткалылар тип тармағына жатады. Өйткені даму барысында омыртка жотасы, екі қолы мен аяқтары қалыптасып, денесінің бауыр жағында жүрек, жүйке түтігінің алдыңғы жағынан мидың бес бөлімі түзіледі.

Адам сүтқоректілер класына жатады. Себебі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, құрылысы күрделенеді, балаларын сүтпен асырайды.Тістері (азу тіс, ит тіс және күрек тістер), дене қуысындағы көкет, құлак қалканы мен ортаңғы құлақтағы үш дыбыс сүйектері (төс, үзеңгі, балға) тек сүтқоректілерге тән белгілер екенін керсетеді. Адамның да ұрығы анасының жатырында дамып жетіледі, ұрықтың қоректенуі ұрықжолдасы (плацента) арқылы жүреді.  Адамның қолындағы бас бармактың қалған 4 саусаққа карама-қарсы орналасуы және саусактарда жалпақ тырнақтың болуы, бұғана сүйектерінің жақсы жетілуі, сәбилердегі сүт тістердің кейінірек тұрақты тістермен алмасуы адамның приматтар отрядына, оның ішіндегі адам тәрізді маймылдар отряд тармағына жататынын көрсетеді. Адам осы отряд тармағының тартанаулы маймылдар тобына жатады. Бүл топтан адамдар түқымдасы бөлініп шыгып, өз алдына адамдар туысын құрайды. Бұл туыстың қазіргі түрі — саналы адам (Homo sapiens).

Адамның жануарлар   дүниесіндегі   орны

Хордалылар типі Омыртқалылар тип тармағы Сүткоректілер   класы

Қағанақтылар класс тармағы

Приматтар (маймылдар) отряды      .

Адам тәрізді маймылдар отряд тармағы

Адамдар туысы Саналы   адам   түрі

Адамның жануарлар дүниесінің өкілі екендігін дәлелдейтін рудименттік же атавизмдік белгілер бар.

Рудименттік деп ата тегінен қалған қалдық белгілерді айтады. Рудименттік белгілерге, мысалы, соқырішек, құлақ айналасындағы бұлшық еттер, терідегі түктер, құйымшақ, т.б. жатады. Бұлардың қызмет аткармайды.

Атавизм деп арғы ата-тектін белгілерінің қайталануын айтады. Ондай белгілерге сирек жағдайда байқалатын денесін қалың түк басқан баланың дүниеге келуі немесе көп емшекті, құйрықты нәрестелердің туылуы мысал болады.

Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары. Антропология ғылымы адамның ежелгі адам тәрізді маймылдардан шығып, осындай дәрежеге дейін көтерілуі биологиялық же әлеуметтік   факторларға   байланысты   деп   түсіндіреді.   Адамэволюциясына әсер еткен биологиялык факторлар: тұкым куалайтын езгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сүрыпталу. Алайда "саналы адам" түрінің пайда болуында әлеуметтік факторлар шешуші рол атқарды. Олар: еңбек, сөз, қоғамдасып тіршілік ету, әлеуметтік заңдылықтардың қалыптасуы және т.б.

Адам эволюциясында еңбектіц рөлі зор. Адамның еңбек етуі еңбек құралдарын жасаудан басталады. Адамның маймылға ұқсас ата тегі еңбек құралын өзі жасап, оны бірте-бірте күрделендіріп, пайдаланып, өзінің тіршілік ортасына бейімделе келе түрлі морфол-қ және физиол-қөзгерістерге ие болды. Мұның себебі: су тартылып, орман алқаптарының көлемі азайып, ашық далалы жерлер пайда болды. Ағаш басында тіршілік еткен маймылдар енді жерге түсіп, ашық алаңкай жерлерде қоректерін тауып жеп, күн көре бастады. Ашық далада жауының козіне бірден түсетін болғандыктан, олардан қашып қорғануға тура келді. Қоректік заттары өзгеріп басқа өсімдіктермен, майда жәндіктермен қоректене бастады. Осыған байланысты еңбек құралдары қажет болды. Ол құралдарды іздеп табу немесе жасау керек еді. Міне, осынын бәрі бірте-бірте екі аяқпен тік жүріп қозғалуды кажет етті. Тік жүру адамнын дене құрылысын біршама өзгертті. Бүкіл салмақ омыртка жотасына түсетіндіктен, оган солқылдактыққасиет беретін иілімдер пайда болды. Аяктың басы жүруге серпімділік беретіндей болыпөзгерді, жамбас қуысы кеңейді. Қорегінің өзгеруіне байланысты жақ сүйектері кішірейді. Тік жүрудін нәтижесінде адамның екі қолы босап, қолдың көмегімен қоректік заттарын іздеп тауып жеп, түрлі кұрал-саймандар жасап, жауынан корғана білді. Ендеше, кол — еңбек құралы ғана емес, ол — еңбектің жемісі. Ал еңбек — адам эволюциясының негізгі факторы.

Қоғамдасып тіршілік ету. Еңбек коғамдасып тіршілік етуге бастама берді. Адам төрізді маймылдардың кейбір топтары енбек құралдарын жасай алмады. Ондай топтардың көбісі тіршілік ортасының қолайсыз жағдайларына төзе алмай немесе өздері сияқты басқа топтармен бәсекеде жеңіп шыға алмай, жер бетінен жойылып кетіп отырды. Бейімділік кабілеті жоғары топтар бірлесіп еңбек құралдарын жасап, аң аулап, қоғамдасып жауларынан қорғанып, өз балаларына қамкорлық жасап күн көрді. Топтардың үлкендері еңбек құралдарын жасау жолдарын және аңшылықтың әдістерін кнпілеріне үйретті. Тәжірибе алмасу алғашында бір-бірімен ымдасу арқылы болса, бара-бара дыбыс шығарып белгі беру — сөз аркылы қарым-қатынас жасауға жол ашты. Қоғам Мүшелерінің соз арқылы қарым-қатынас жасауы ойлау қабілетінін дамуына әсер етті. Бұл жағдай мидың одан ары жетіліп, құрылысы мен қызметіеің күрделенуіне себеп болды. Осы кезенде тіршілік еткен адамдарда жануартектес азықтармен қоректену же отты  нәтижесінде шайнау бұлшық еттері жетіліп, жақ сүйектері кішірейді, ішектері біршама қыскарды.

IV. Жаңа сабақты бекіту

                Мына   кестені   толтырыңдар.

Антропогенездің   қозғаушы   күштері

Биологиялық факторлар

 

әлеуметтік факторлар

V. Қорытындылау

VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма   §34

 

Күні:   26.01.13

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 727 Kb
Количество скачиваний: 46
Просмотров: 181

Похожие материалы