Білгір биологтар (сыныптан тыс шара)

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: "БІЛГІР БИОЛОГТАР" (Сыныптан тыс іс - шара )
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ой - өрісін, белсенділік қабілетін, танымдылық қызығушылығын арттыру, логикалық сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру
2. Дамытушылық: оқушылардың тілдік қорын дамыту, жарыстыру арқылы аңғарымпаздық қасиеттерін арттыру, ой - өрісін кеңейту
3. Тәрбиелік: тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа, табиғатты аялап, оған жанашырлық танытуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс – сабақ
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, плакаттар
Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Білгір биологтар» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер. Біздің бүгінгі сайысымызға әр бөлімнен бір оқушыдан қатысады, сайыс ІVкезеңнен тұрады.
І кезең «Ол кім, бұл не?»
ІІ кезең «101 жұмбақ, 1001 мақал»

І - кезең «Бәйге»
Бұл кезеңде сұрақ қойылады. Сұраққа кімнің жауап беру тетігі тез жанады, сол жауап береді.
1. Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)
2. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)
3. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)
4. Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)
5. Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі (Вакуоль)
6. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (Микология)
7. Ұша алмайтын құс (Пингвин)

8.Тіршілік ұғымына алғаш анықтама берген? (Ф. Энгельс)
9. Органикалық дүниенің ең алғашқы ғылыми жүйесін салған, әрі ғылымға түр, туыс, отряд, класс деген жүйелік топтарды енгізген ғалым? (К. Линней)

10. Тірі организмдерді алғаш рет қарапайым құрылысына күрделену ерекшелігіне қарай жүйелеген ойшыл ғалым? (Аристотель)

11.Органикалық дүниенің қарапайым қалпынан бірте-бірте күрделене түсетінін және түрлердің өзгеретіндігін айтқан алғашқы эволюционист ғалым. (Ж. Б. Ламарк)

12. «Тіршілік таласы» деген арнайы мақала жазып, онда тірі организмдер арасында үнемі болып жататын тіршілік үшін күреске жан – жақты талдау жасаған қазақтың көрнекті ақыны әрі ағартушы қайраткері. (Ғ. Қараш).

13. Тіршілік дегеніміз не?
14. Метобализ дегеніміз не?

15. «Эволюция» терминін 1677ж. енгізген кім? (М. Хейл)

16. Адамды адамтектес маймылдармен қатар приматтар отрядына алғаш орналастырған кім? (К. Линней)

17. «Зоология философиясы» еңбегінің авторы, жануарларды 14 класқа топтастырған француз ғалымы. (Ж. Б. Ламарк)

18.Ағылшынның атақты табиғат зерттеушісі? (Ч. Дарвин)

19. Эволюция дегеніміз не?

ІІ кезең «101 жұмбақ, 1001 мақал» (Жұмбақтарды шешу, табиғат туралы мақал айту)

1. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі де жоқ.

Отқа жанбас, суға батпас. Мұз

2. Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым. Сәбіз

3. Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең, жылатады. Пияз

4. Әдемі түнде,

Мен жүрсем, жүреі бірге. Ай

5. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоы бар. Қой

6. Ерте тұрады,

Жар салады. Қораз

7. Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті. Қарбыз

8. Терісі бар, жүні жоқ,

Жүрегі бар, ізі жоқ.

Қанаты бар, ұшпайды,

Су астында қыстайды. Балық

9. Екі ағайынды, екеуі де бір үйде

Бірін-бірі көрмейді. Көз

10. Күннің нұрын сүйемін,

Күнге басымды иемін.

Моншағым жоқ мойнымда,

Үлкен қапақ киемін. Күнбағыс

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.35 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 116

Похожие материалы