Білім сапасын басқаруда мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Жаһандану, ғаламдандыру күннен-күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік, қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бағалап бекер айтпаған.

 

Мектеп мұғаліммен ғана мектеп. Ал мектеп – ғасыр талабымен үндесе дамып отырады. Қай қоғам да істің тетігін маман шешеді деген қағида негізінде шындық бар. Яғни білім сапасын көтерудің бір тетігі ұстазға байланысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.» деген болатын.Шынында да, қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық білімділік талап етілуде.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 103.5 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 91

Похожие материалы