Болашақтың кілті - мұғалімнің жүрегінде

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың  тағдыры ұстаздардың қолында»- деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтпақшы ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші. Ұлағатты ұрпақтың өсуі ұстаз шеберлігіне байланысты деп айтар едім.

         Бүгінгі күні тәуелсіз демократиялық мемлекетіміз күннен-күнге әлемге асқақталып, сан қырынан танылып келеді. Сан түрлі салада жетістіктерге жетіп, одан ары да дамуды, өзгеруді көздеген еліміз болашаққа қадам басқан сайын, ертеңгі еліміздің еңсесін еңкейтпей, осы қалыптан ары да өткізетін ұрпағымыз екенін танып, олардың болашағы жарқын болуы үшін жан-жағын жақсы таныған, сын тұрғысынан ойлай алатын, болашағын ойлап, болжай алатын білімді болуы үшін барлық жағдайды жасауда. Ұрпақ тәрбиесі мен білім алуы жолында үлкен қадамдар жасап, саналы да сапалы өзгерістер енгізуде. Бұл қадамдар өз жемісін беріп, еліміз экономикасы мен мәдениеті дамыған мемлекетке айналарына кәміл сенемін. Сол сенімді ақтау да, атқару да мұғалімнің басты парызы.

         Мұғалім-болашақ ұрпақтың бағбаны, келешектің кемелдендірушісі, баланың бойына білім мен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін ашатын әрі нұрландыратын адам болып табылады. Сондықтан да, қоғамға жоғары білікті, кәсіби дайындалған, шығармашылықпен ойлайтын мамандар қажет екені сөзсіз. Еліміздің білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық идеялар мен өзгерістер өмірге енуде. Болашақтың қызметкері жас ұрпақтың бүгінгі білім қорын нығайту, білімдік деңгейін арттыру мақсатында қазіргі кезде білім беруді дамыту еліміздің даму жолындағы басты бағыттардың бірі болып отыр. Елбасымыздың қолдауымен Кембридж бағдарламасы бойынша мұғалімдерге оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақта ұтымды пайдаланудың жолдарын меңгерту мақсатында үш айлық курстан өткізу қолға алынды. Қызығушылығым  менің де бұл курсқа келуіме себепші болды. Білім саласында, елімізде өзгерістер болып жатқанда, бұл көштен менің де қалғым келмеді. Жалпы, мен өз кәсібімді сүйемін, баламен жұмыс істеу маған ұнайды. Сабақтарымда мақсатыма жетіп, оқушыға тақырыпты өзегіне дейін меңгерткім келеді. Бұл мақсатқа жету үшін өз пәнімді жақсы білуім жеткіліксіз еді, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақтарымда ұтымды пайдаланудың тиімді жолдарын меңгеру маған да қажет деп таптым. Білімім мен біліктілігімді арттыру мақсатында Шымкент қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша  біліктілігін арттыру курсына келдім. Курстағы әрбір күнім екіншісіне ұқсамайтын еді.  Бағдарламаның негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген. Бағдарламадан бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі елдің болашағы - Сыни тұрғыдан ойлай білетін, еркін сөйлей алатын, ынталы, өз-өзіне сенімді жеке тұлғаны қалай оқыту керектігін үйрендім. Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда оқушыларға дайын, оқулықтағы шектеулі білімді ғана беріп, оқушылар тек тыңдаушы көрермен ретінде  отыратын болса, курстан кейінгі сабақтарымда идеяларды оқушылардың өздері құрастырып, өмірмен байланыстырып, жандандыруына, бірін-бірі оқытуына ықпал еттім, өзім тек бағыт-бағдар беруші – көшбасшы болдым. Сабақ барысында оқушылар критерийлер бойынша өздерін және бірін-бірі бағалауды, топпен жұмыс жасауды үйренді. Оқушылардың бойында көшбасшылық қабілеті мен дарындылық қабілетінің дамуына ықпал етіп, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландырдым.

  Қорыта айтқанда, бұл курстан оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақтарымда ұтымды пайдаланудың тиімді жолдарын меңгердім. Алдағы уақытта осы курстан алған біліміммен шектеліп қалмай, білімім мен біліктілігімді одан әрі жетілдіруді алдыма мақсат етіп қойдым. Сөз соңында курстан алған білімімді келешек ұрпақтың бойына сіңіріп, елімнің болашағын жарқын ететін жас буынды тәрбиелеу парызым деп ұғамын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 69.98 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 117

Похожие материалы