Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі (7-сынып)
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Казбекова Майра Тулепбаевна
|
Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып, бірқалыпты түзусызықты қозғалыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, қозғалыс графигі жөнінде деректерді беріп, практикалық түрде қолдана алу дағдысын қалыптастыру.
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс туралы түсінігі қалыптасады. Ақпарат көздерін білім алуда пайдалануды, өз пікірлерін білдіруді, АКТ ны қолдана білуді, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуді үйренеді, қосымша деректермен жұмыс жасауды үйренеді, ғылыми көзқарасы қалыптасады.Пікірлерін айта алады, өзіндік ойын ортақ пікірге келтіріп отырады, көпшілікте өзін-өзі реттейді.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін «Шашу» әдісін пайдаланып, 3 топқа бөлемін. Сыныпта жағымды ахуал тудыру үшін "Жақсы тілектер" трегингін ұйымдастырамын. Тесттің түрлері арқылы үй тапсырмасын сұрау.
І. Толықтыру тесті
2.Векторлық шаманы ата
А) уақыт Ә) жылдамдық
Б) жұмыс
3. Жылдамдықты өлшеу құралы
А)диномометр Ә)спидометр Б)сызғыш
4. Жылдамдықтың 108 км/ сағ – пен берілген мәнін м/с – пен өрнекте
А)108000 м/с Ә)30 м/с Б)300 м/с
5. Бірқалыпты қозғалыс жылдамдығының формуласы
А)v=s/t Ә) v=s*t Б) v=s-s 0/t
Сол арқылы жаңа сабақты түсінеді. Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақты түсінеді.
3. кестедегі мәндерге қарап теңдеу құру
1.20м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалатын материялық нүкте қозғалысының графигін сал. Уақыттың бастапқы мезетінде нүкте координаталар басынан оңға қарай 10 м қашықтықта болсын, яғни бастапқы координата х0=10м.
Қозғалыс теңдеуі х= х0+υt бойынша 0с, 2с, 4с, 6с уақыт берілген.
2. υ=-5м/с жылдамдықпен бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын дененің қозғалыс теңдеуін жаз.
3. υ=2м/с жылдамдықпен бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын дененің қозғалыс теңдеуін кестедегі мәндерді пайдаланып жаз.
Есептер:
1. 35м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалатын материялық нүкте қозғалысының графигін сал. Уақыттың бастапқы мезетінде нүкте координаталар басынан оңға қарай 5 м қашықтықта болсын, яғни бастапқы координата х0=5м.
Қозғалыс теңдеуі х= х0+υt бойынша 0с, 2с, 4с, 6с уақыт берілген.
2. х=2+3t теңдеуімен сипатталатын қозғалыс графигін ссипатталатын қозғалыс графигн құрыңдар. t=0, t=2, t=4.
3. Мынадай жағдайдағы бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигін сызыңдар
v=18 км/сағ, x0=0
Ашық сұрақтар
Топтарға сұрақтар беру арқылы диалогқа түседі.
1.Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады?
2.Орын ауыстыруды координаталар айырмасы арқылы қалай өрнектеуге болады?
3.Қозғалыс теңдеуі дегеніміз не?
«Сиқырлы сөздер»
Бірнеше сөздер беріледі. Сол сөздердің арасынан бүгінгі тақырыпқа қатысы жоқ сөзді тауып айтыңыздар.
1) афгрик 2)қысзутзүтыты 3)шәбі
4)пытқалыріб 5) ориндакато 6)бейкаліклұы
Жауабы: график; түзусызықты; Әбіш; бірқалыпты; координата; Кекілбайұлы.
Сонымен балалар бүгінгі тақырыпқа қатысы жоқ сөз Әбіш кекілбайұлы -75 жаста. Ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы. Маңғыстау олбысы Маңғыстау ауданы, Онда ауылында 1939 жылы 6желтоқсанда дүниеге келді. 2002 жылы ҚР Парламент Сенатының депутаты болды. 2009 жылы «Сыр- десте» ой-толғаулары 5 томдық жинағы жарыққа шықты. 1986 жылы Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазіргі таңда құрметті еңбек демалысында.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 386.6 Kb |
Количество скачиваний: | 54 |