Буын түрлері

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Буын, буын түрлері

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.

2. Дамытушылық : Оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Көрнекілігі: сызба , плакат, үлестірмелі қағаз.

Сабақтың әдісі : проблемалық әдіс, түсіндіру, оқу, сұрақ - жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгендеу, оқушылардың зейінін тұрақтандыру.

б) Сабақтың ұранымен таныстыру

Зейін қойсаң – ұғарсың,

Іздесең – табарсың,

Талаптансаң – жетерсің.

в) оқушыларды психологиялық жағынан сабаққа дайындау мақсатында тренинг өткізу.

Оқушылар жұптарымен қол ұстасып тұрып бір – біріне сәттілік, жақсы тілектер тілейді.Топқа бөлінеді

Мысалы: «Ісің оң болсын», «Тек бестік баға алыңдар», «Білімнің шыңынан көріне бер» т.б.

ІІ . Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Сабақтың оқушыларға тақырыбы мен мақсат-міндеттерін айту. Оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру арқылы буын тақырыбынан өткенді қайталау.

Тақтаға жаңа тақырыпты меңгертуге арналған сөздер жазылған плакат ілінеді. Сол плакат арқылы буын тақырыбы түсіндіріледі.

Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

О-қу-шы-лар са-бақ-қа кел-ді.

Сөздің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір немесе бірнеше фонемадан құралады.

Буынға тән белгілер:

1. дауысты дыбыссыз буын болмайды.

А-та, ба-ла-лық, дәп-тер.

2. Бір ғана дауысты дыбыс буын құрай алады.

А-на, а-ға, а-ла-мын.

3. Бір буында бір ғана дауысты дыбыс болады.

Са-на-мақ, та-ға-ла, қа-зақ.

4. Екінші, үшінші буын дауыстыға басталмайды.

Са-на-мақ, та-ға-ла, қа-зақ.

5. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

А-та, ба-ла-лық, дәп-тер.

Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш тілі бар.

  1. Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын дейміз.

Қа-ла, да-ла, ша-ға-ла.

  1. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын дейміз.

Ұл, ұн, ант.

  1. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буынды бітеу буын дейміз.

Дос-тық, жаз-дық, күз-дік.

Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек кездеседі.

ІІІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Оқушыларды қатар бойынша топқа бөліп, шығармашылық жұмыс жасату.

Берілген үлгі бойынша оқушылар сөз құрастыру керек.

І топ.

а.б+а.б+а.б (ша-ға-ла, са-на-ма)

б.б+б.б+б.б (дос-тар-дың, қан-жар-дың)

б.б+а.б+б.б (дос-та-рым)

ІІ топ.

б.б+б.б+а.б (дос-тар-ды, сан-дық-ты)

а.б+а.б+а.б (ба-ла-лы, ша-на-ны)

б.б+б.б+б.б (тас-тар-дың, жас-тар-дың)

ІІІ топ.

а.б+а.б+а.б (та-ға-ла, қа-ла-ға)

а.б+а.б+б.б (та-ға-ның, са-на-ның)

т.б+б.б+а.б (ас-тың-да)

ІV. Оқулықпен жұмыс.

296-жаттығу. Өлең жолдарындағы сөздерді буынға бөліп көшіру, тарихи сөздерді табу.

Мысалы: са-дақ, қо-рам-сақ, т.б.

297-жаттығу. Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп оқу және жазу.

Мысалы: құс-тың от-қа шы-ғар мез-гі-лі таң-ның сі-бір-леу-і-нен бас-та-ла-ды.

Мәтіннен түсінгендерін өз сөздерімен айту.

◊ Қазақтың аңшылық кәсібі жөнінде білетіндерін айту, мақал-мәтелдерді еске түсіру.

V. Ойлан, тап.

Оқушыларға буын тақырыбына байланысты сөзжұмбақ шештіру.

Б

І

Т

Е

У

Д

А

У

Ы

С

С

Ы

З

А

Ш

Ы

Қ

Ж

У

А

Н

  1. Буын түрі
  2. Қ-Т-С дыбысы қандай дыбыс?
  3. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыс қалай бөлінеді?
  4. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыс қалай бөлінеді?

VІ. Сабақты қорыту кезеңі.

Сабақты қорыту кезеңі ІІ этаптан тұрады.

І. Тестік тапсырмалар (оқушылар жауап кілті арқылы өздерін бағалайды).

  1. Ашық буынды сөзді тап.

А) аз б) қаз с) боса

2. Бітеу буынды сөзді тап.

А) оқушы б) дауысты с) дүлдүл

3. Бірыңғай ашық буынды сөзді тап.

А) тамаша б) еркіндік с) басылым

4. Тұйық буынды сөзді тап.

А) анар б) ант с) қант

5. Тұйық буынды сөзді тап.

А) темір б) жез с) ат

6. Буын түрін көрсет.

А) қысаң б) бітеу с) езулік

7. Тек ашық буынды сөзді тап.

А) оқулық б) шағала с) өрнек

ІІ этап.

Не өттік?

Не білдік?

VІІ. Үйге тапсырма беру.

127-бет 307-жаттығу. 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын дайындау.

VІІІ. Бағалау. Бағалау парағы арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды.

Қай топтың белсенділік танытқанын айтып кетемін.

Кері байланыс

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 57.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 215

Похожие материалы