Кәсіби қауымдастық бойынша аукцион жоспары

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

11сәуір

2015 жыл

Кәсіби қауымдастық бойынша аукцион жоспары

Тақырыбы:

«Кел үйренейік»

Жалпы мақсат:

1.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін дамытуда 7 модульді тиімді пайдалану жолдары бойынша тәжірибе алмасу , қиындықтарды шешу жолдарын үйрену

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:

Сабақтағы кездесетін кедергілерді жою жолын үйренеді.

Негізгі идеялар:

1. Тәжірибесі терең, дидактикалық материалға қоржыны толы әр мұғалімнің еңбегін бағалау, ісін дәріптеу

Сабақта қолданыла-тын материалдар

1. Флипчарт

2.Стикер

3. АКТ

4. Смайлик

5. Маркер

6. Ноутбук

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

АКТ

СТО

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

Дерек көздері:

Стандарт, оқулық, әдістемелік нұсқау хат, ҚМЖ,ҰМЖ

Тапсырма-лары:

Топқа бөліну , топтық жұмыс , шығармашылық есеп

І. Тапсырмалар

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(3 мин)

•Мұғалімдерге психологиялық ахуал мақсатында “Шаттық шеңберін ” жасау

Ізгі тілектер айту

ІІ. Топқа бөлу

/ 5 минут/

• Мұғалімдер ән жанрлары бойынша топқа бөлінді

«Армандастар » әнінің бір

шумағы берілген. Соны әр

жанрда айту

•І топ – Халық әні

•ІІ топ- Лирикалық әндер

•ІІІ топ – Реп жанры

Топқа бөлінеді

ІІІ. Ой қозғау

«Кел табайық»

(20 мин.)

Топтық жұмыс

  • Мұғалімдерге әр топ бойынша ой қозғау мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды . Жәрмеңкеде аукционға әр түрлі заттар қойылды.

/Қолдан жасалған көрнекіліктер , оқу құралдары , стикер, смайлик, маркер , бор т.б/

Әр топ жасырынған затты сатып алу керек . Бастапқы бағасы 1000 тенге

VІ.Сергіту сәті

Белсенді орындау

V. «Сен маған , мен саған »

/20 минут/

  • Топтағы әр мұғалім өздерінің ҚМЖ,ҰМЖ, коучинг сессия жоспарларын, таныстырылымдарын, жасаған көрнекіліктерін аукционға салып сатты.

Мақсаты : тәжірибе алмасу

Бастапқы бағасы 1000 тенге

VІІ. Зерттеушілік немесе ізденушілік кезең

«Менің жұмыс нәтижем»

Жеке жұмыс

  • Мектептер өздерінің жасап жатқан жұмыстарының жетістіктері мен нәтижелерін айтып шығармашылық есеп берді.

Шығармашылық есеп

VІІІ. Қорытынды кезеңде мұғалімдер бүгінгі өткен аукционға өз пікірлерін айтты

Эдвард де Боно “Ойлаудың алты қалпағы ”

Ақ қалпақ – адалдық шындық белгісі.

Қызыл қалпақ – Эмоция, интуиция, сезіну

Сары қалпақ –оптимизм, сәулелі өмірге талпыныс , жетістіктер мен пайдалы нәрсе туралы

Жасыл қалпақ- жаңа идея, альтернативті ойлар

Көк қалпақ- байсалды да байсалды сабырлылық, Идеяларды қорыту, күтілетін нәтижелерді ойластыру, болашаққа бағдар.

Қара қалпақ- ақиқатты көру, сақтану, келесі де алдын алуға ұмтылу

Өз ойларын нақты жеткізу

Бағалау

Аукцион қорытындысы бойынша

ІІ топ – лирикалық әндер тобы ең үздік көрсеткіш көрсетті

Рефлексия

(5 мин.)

Кері байланыс

•Коуч мұғалімге кері байланыс жасайды

Тақтаға стикерді смайликтің жанына жабыстыру.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.77 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 199

Похожие материалы