Cабақтың тақырыбы: Мекеме , ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздарының түрлері.(10 cынып)
| Предмет: | Иностранные языки |
|---|---|
| Категория материала: | Конспекты |
| Автор: |
Ханов Шохан Уалиханович
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
06.04.2015
Сабақтың тақырыбы: Мекеме , ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздарының түрлері.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру;
2. Сауатты жазып, сөйлей алуға үйрету;
3. Тілді құрметтеуге, тілжанашыры болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, кітаптар.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,забаққа зейінін аударту.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақтарды қайталау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Мекеме , ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздарының түрлері.
Келісімшарт –тараптар арасында қандай да бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.
Келісімшарттың құрылымы:
· Құжат аты;
· Келісімнің жасалған орны мен күні;
· Тараптардың аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәліктерінің нөмірі мен сол куәлікті берген мекеменің атауы;
· Келісімшарт мәтіні;
· Ноториалдық кеңседе куәләндырылған жазба;
· Келісім тіркелген тізбе;
· Алынатын мемлекеттік салық;
· Нотариустың қолы.
Хаттама- алқалық ұйымдардың жиналыстарында , кеңестерінде, конференцияларында және мәжілістерінде мәселені талқылау барысы мен шешімдерін тіркейтін құжат.
Хаттаманың құрылымы:
· Құжат түрінің аты;
· Мекеме аты;
· Мерзімі, индексі;
· Мәжіліс өткізілген жер;
· Хатталынатын кеңес аты;
· Төрағаны, хатшыны,қатысушыларды көрсету;
· Күн тәртібі;
· Тыңдалды,сөйледі, қаулы қабылданды, формасындағы мәтін;
· Төраға, (төрайым) мен хатшының қолы.
Бұйрық –мекеменің алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында басшылық жасайтын құқықтық акт.
Бұйрықтың құрылымы:
· Бланк штампының реквизиттері;
· Құжат аты;
· Күні, нөмірі;
· Шыққан жері;
· Мәтін тақырыбы;
· Бақылау туралы белгі;
· Қолы;
· виза;
· Құжаттың орындалуы туралы белгі.
Хабарландыру - бірдеңе туралы хабарлау мақсатында газетке, журналға, басылған немесе бір жерге ілініп қойылған мәтін.
Анықтама- белгілі бір деректі дәлелдейтін, растайтын , сипаттайтын құжат.
Анықтаманың құрылымы:
· Құжат аты;
· Негізгі мәтін;
· Анықтаманың қай ұйымға берілгені туралы мәлімет;
· Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет;
· Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтама беруші адамның қолы;
Кітаппен, тақтамен жұмыс.
Бұйрық, анақтамаға үлгі жазу.
Сабақты бекіту.
Сұрақ жауап:
1. Мекеме, ұйымдағы құжаттардың аттарын атаңдар?
2. Бұйрық дегеніміз не?
3. Анықтама дегеніміз не?
4. Келісімшарт дегеніміз не?
5. Хабарландыру дегеніміз не?
Үйге тапсырма. Осы құжаттардың құрылымын ережесін жаттау, үлгі жазу.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 31,9 КБ |
| Количество скачиваний: | 51 |