Дарынды оқушы-2013 Дарындылар додасы

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы:   «Дарынды оқушы-2013» мектепішілікбайқауы

 

Мақсаты: дарынды оқушыларды анықтау, болашақ жол сілтеу, білім-білік деңгейлерін бағалау.

Жүру барысы:

І. Жұлдызды сәт  (сұрақ-жауап)

ІІ.«Тамсантып тілін, тұлпарын, білімге ұмтыл ұрпағым»   (мақал-мәтелдер)

ІІІ.«Қазағым, қанша айтсам да, таусылмайды   ғажабың»     (халқымыздың салт-дәстүрлері)

ІҮ. «Ой толқын, білім-теңіз» (жұмбақ  сурет)

Ү. ... Өз тіліңді құрметте (аударма жасау)

ҮІ. Қорытындылау. Жеңімпаздарды марапаттау

 

І. Жұлдызды сәт  (сұрақ-жауап)

1. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?  (5)

2. Дүние жүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы 1992ж қазанда қай қалада болды?(Алматы)

3. Астананың символы Бәйтеректің ұзындығы қанша метр? (97 метр)

4. Еліміздің мемлекеттік рәміздері қай жылы бекітілді? (1992 жылы, маусым)

5. Тұңғыш Президентіміз қай жылы сайланды? (1991, 1 желтоқсан)

6. Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде таныған тұңғыш мемлекет? (Түркия)

7. Ақмола қаласы Астана болып жарияланған жыл? (1998)

8. ҚР Туының авторы? (Ш.Ниязбеков)

9. Ұлттық теңгеміз туралы жарлық қай жылы бекітілді? ()  (1993ж, 15 қараша)

10.Қазақ хандығының «алтын ғасыры» кезеңі кімнің тұсында болды? (Тәуке)

11.1778 жылы патша үкіметі кімді Орта жүз ханы деп таныды? (Абылай)

12. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қай жылдары? (1723-1725ж)

13. «Тіл туралы Заң» қашан қабылданды? (1989ж, қыркүйек)

14. Еліміз жер көлемі бойынша нешінші орында? (9)

15.Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн   (1995ж. 30-тамыз)

16. 2004 ж Афина олимпиадасының жеңімпаз бокс қолғап шебері (Бақтияр Артаев)

17. Қазақстанның жаңа әнұраны қашан қабылданды?  (2006ж  6-қаңтар)

18. Елбасының «Сындарлы он жыл» еңбегі қай жылы жарық көрді ? (2003ж)

19. Тәуке ханның заңы?   (Жеті жарғы)

 

20. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек кімдер?   (Бейімбет, Ілияс, Сәкен)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.22 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 143

Похожие материалы