Әдебиеттік оқу 2-сынып. Тақырыбы: Қардың басы бола ма?

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

2-сынып әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:  Қардың  басы  бола  ма?

Сабақтың мақсаты:

а) Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, жыл мезгілдері, қыс туралы түсініктерін тереңдету.

     ә) Дұрыс байланыстыра сөйлеп, өз ойын жеткізе білуге баулу.

     б) Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекіліктері: жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, қыс тақырыбына салынған суреттер.

Сабақтың түрі: аралас   сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

 

Сабақтың барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,  сабақтан  қалған  оқушыларды  түгелдеу. Оқушылардың  зейінін  сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын  хабарлау. Мақсатымен  таныстыру. Бүгінгі  сабағымыздың мақсаты өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, жыл мезгілдері, қыс туралы түсініктерін тереңдету

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Қар. Өлеңді жаттау.

3. Тақырыпқа көшу кезеңі.

-Көктемді неге  асыға  күтеміз?  Өз ойыңды білдір.  Жеке жұпта, топта  талдау. Топтардың  жұмысын  тыңдау.

-Көктемде  қар  жауа ма?

-Ол ненің  белгісі деп ойлайсың?

-Кәкімбек  Салықов ол туралы  өз  өлеңінде  не деген  екен, оқып  көрелік. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 28.5 Kb
Количество скачиваний: 66
Просмотров: 192

Похожие материалы