Математика 2-сынып. Тақырыбы: Құрама есептер.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

2-сынып математика.

Сабақтың тақырыбы:  Құрама есептер.

Сабақтың мақсаты:

1. оқушылардың құрама есептер және оны шығару тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру.

2. Оқушылардың  есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

 Сабақтың  түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: үлестірмелі  карточкалар, суреттер.

Сабақтың  барысы:

1. Ұйымдастыру  кезеңі: Сәлемдесу,  сабақтан  қалған  оқушыларды  түгелдеу. Оқушылардың  зейінін  сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын  хабарлау. Мақсатымен  таныстыру. Бүгінгі  сабағымыздың  мақсаты: оқушылардың құрама есептер және оны шығару тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру.Ал,балалар, алғашқы сабағымызды  көңілді тілектерден бастайық.  Бір-бірімізге қарап хормен   бүгінгі күнге  тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,                           

 Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен  тақырыптарды  қайталау.

ІІІ. Тақырыпқа  көшу кезеңі.

Тірек білімдерін жетілдіру

1. «Шеңбердегі мысалдар» ойыны. Балаларға шеңбердегі мысалдарды құрастыру қағидасын түсіндіріледі. Тақтаға алғашқы компоненті берілген мысалдар жазылады (мысалы, 12-10, 2 + 7, 9-2, 7 + 10, 17-5). Ары қарай оқушылар өз беттерінше мысалдар тізбегін жалғастырады.

Жаңа материалды енгізуге дайындық үшін мынадай жұмыс ұйымдастырылады: тақтаға математикалық тапсырмалардың әр түрлері (өрнектер, теңдеулер, теңсіздіктер, теңдіктер, есептер) жазылады.

7 + 10 =17        9 + а = 10           а + 3             6>3                 8<12

4 > 2       4 + 2 > 4          10 - а = 2             5 + 4          6 + 4

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 10.5 Kb
Количество скачиваний: 50
Просмотров: 228

Похожие материалы