Әдебиеттік оқу 2 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шахарова Катима Маликовна
|
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды, идеяны, ұғыну арқылы мысалдың мазмұнын меңгереді.
ә) Дәлелді сөйлей білуге үйренеді. Ой өрістерін, тілдерін, сөздік қорын дамытады.
б) Салақтық, ұйқышылдық, мақтаншақтық, өсек айту, еріншектік, жалқаулық сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға, тұрақты батыл болуға тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Танымдық тапсырмалар, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге берілген мәтіннің авторы кім?
- Ол туралы не білесіздер?
- Мәтін неге «Салақтық» деп аталған?
- Салақтық сөзіне қарама – қарсы мағынадағы сөзді атап айт.
- Керім қандай жігіт?
- Салақтықтың салдарынан не болды?
- Берілген мақал – мәтелдерден осы мәтіндегі оқиғаға сай келетінін тап.
- Салақтық қандай әдет?
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
- Тағы қандай жаман әдеттерді білесіңдер?
Жаман әдеттер: салақтық, ұрлық, өтірік айту, мақтаншақтық, әдепсіздік, ұйқышылдық.
- Иә, балалар ұйқышылдық та жаман әдет екен.
Ендеше ұйқышылдық туралы жаңылтпашты жаңылмай айтып көрейікші.
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
- Ендеше балалар бүгінгі біздің сабағымызда не туралы айтуымыз мүмкін деп ойлайсыздар?
ІV. Мағынаны тану.
Оспанхан Әубәкіров
Сүт қалай ұйықтады?
(Ертегі)
Автормен таныстыру.
Оспанхан Әубәкіров (1934-1986) 4 мамырда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан.
Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан.
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.
Мысалды оқу.
Ертегіні оқушылар оқиды.
- Автор ертегіде ненің әрекетін суреттеген?
- Ұйықтаймын деп сүт қандай күйге ұшырады?
- «Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты» дегенді қалай түсінесің?
- Мысалдағы сүттің әрекетін ретімен әңгімелейікші.
1. Сүт ұйып қалады.
2. Айран болады.
3. Айран ашиды.
4. Сүт іріп қапты.
5. Дорбаға құйылып сүзіледі.
- Дорбаға құйылып сүзілген айраннан не жасайсың? (құрт, ірімшік)
- Тағы қандай сүттен жасалатын тағамдарды білесіңдер?
- Сүт пайдалы ма? (Сүтте В2, Д, А1 дәрумендері бар. Оның құрамында кальций көп, балалардың тістері, сүйектерінің мықты болуына көмектеседі).
Сергіту сәті.
Көңілді ән ырғағына 1 минут ішінде билеу.
- Ертегідегі нақыл сөзді тап. (Ұйқы дұшпан).
-Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолдарды тап.
(Көп ұйықтаған зиян – ау!)
Дәптермен жұмыс.
Осы ертегідегі нақыл сөз бен автордың қорытынды ойын дәптерге көшіріп жазып аламыз.
V. Ой – толғаныс.
- Мысалдағы «Көп ұйықтаған зиян-ау» дегеннен көңіліңе не түйдің?
Ұйқының пайдасы
Ұйқының зияны
күш – қайратын қалпына келтіреді
тынығады
ертеңіне сергек болып тұрады
дені сау болады
еріншек, жалқау болады
сабақтан кешігеді
жігерсіз болады
әлсіз болады
Есіңе сақта! Балалар күнде 10-11 сағат, ересектер 8 сағат ұйықтауы тиіс.
Тыйым сөз: «Кісіге қарап есінеме, есіней қалсаң, ауызыңды қолыңмен қалқала».
- Ертегі сіздерге ұнады ма?
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру: Ертегіні мәнерлеп оқу, қарасөзбен әңгімелеп айта білу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 41 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |