Әдебиеттік оқу "Арыстан мен тышқан"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Баетова Умутай Бубеевна
|
Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан
Сабақтың мақсаты:
· Мысал арқылы жамандыққа жақсылық қайтарудың мәнін түсіну
Сабақтың міндеттері:
Күтілетін нәтиже:
Нәтижені бағалау,тексеру: Еркін жазу
Қажетті материалдар: Мәтін, ватмандар, қосымша ақпараттар,оқулықтар
І. Қызығушылықты арттыру:
Ой шақыру
Термин сөздермен болжау /берілген сөздер арқылы ертегілер құрастыру/
арыстан
тышқан
жақсылық
жамандық
орман
ІІ. Мағынаны ажырату «Болжау» стратегиясы
1 бөлім
Ұйықтапты бір арыстан айдалада
Тыныштық алу үшін сай-панада
Үстіне арыстанның ойнақтапты,
Бір тышқан іннен шығып сол арада.
Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып,
Бір уақыт жүгіріпті басқа барып,
Арыстан өлтіруге айналыпты,
Басын басқан тышқанды ұстап алып.
Сұрақтар:
1.Осы бөлім туралы не айта аласыңдар?
2. Арыстан туралы не айтқыларың келеді?
3. Тышқан туралы не ойлайсыңдар?
4.Әрі қарай не болады деп ойлйсыңдар?
2 бөлім
Жалынды сонда тышқан: «Өлтірме!»- деп,-
Ағатай, маған зиян келтірме! –деп,-
«Бір қайтар менен-дағы бір жақсылық,
Азат қыл, байқамадым, өлтірме!» деп.
Сұрақтар:
1. Қалай ойлайсыңдар, арыстан тышқанды өлтіруі мүмкін бе?
2.Тышқанның рөлінде өздеріңді қалай сезіндіңдер?
3.Әрі қарай қалай жалғасуы мүмкін?
3 бөлім
Арыстан күліп айтты : «Сорлы тышқан !
Не жақсылық қайтады сен байғұстан ?
Дүниеде саған қалған күнім құрысын !
Күшің кем жұдырықтай шымшық құстан.
Жатасың қорыққаныңнан қазып жерді ,
Күлдірдің болмасты айтып мендей ерді .
Күлдіріп көңіл ашқан ақың үшін
Азат қылдым»,- деді де , қоя берді
Сұрақтар:
1.Арыстанның іс-әрекеті туралы не айтасыңдар?
2. Неліктен ол тышқанды мазақ етті деп ойлайсыңдар?
3. Әрі қарай қалай жалғасуы мүмкін?
4 бөлім
Бір күні арыстаным торға түсті ,
Үзем деп, ақырып, тулап, салды күшті,
Оралып, шырматылды, шықпастай боп,
Басына құдай берді мұндай істі.
Сұрақтар:
1.Мысал немен аяқталуы мүмкін?
5 бөлім
Күн қайда құтылатын торды бұзып,
Бақырып ызаланды жерді сүзіп,
Дауысын танып,баяғы тышқан келіп,
Құтқарды торды қиып, тістеп үзді.
Сұрақтар:
1.Осындай іс-әрекеттерді біздің өмірімізде кездестіруге болады ма?
2. Мазмұнына байланысты қандай мақал-мәтелдермен ұштастыруға болады?
ІІІ. Ой толғаныс
Жақсылыққа жақсылық - әр адамның ісі
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі
«Еркін жазу»
Мен Тышқанмын
Мен Арыстанмын
немесе
Мысалдағы кейіпкерлерге хат жазу
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.29 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |