Әдебиеттік оқу "Біздің заң" (4-сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Біздің заң. Хамит Ерғалиев

Сабақтың мақсаты:

1. Әрбір оқушының заң туралы қарапайым түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасау. Адам

күнделікті өмірде, қоғамда заңнан тыс бола алмайтынын байқату.

2. Оқушының ойлау, шығармашылық дағдыларын дамыту

3. Заңды білу - өмір сүрудегі сауаттылық, өзін-өзі басқара білу мүмкіндіктері екенін, өз Отанына деген құрмет екенін сезіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан Республикасының Конституциясы» (кітапша), мерекелік, салтанатты ілінген рәміздер.

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты ояту.

Оқу жылының беташар сабақтарының бірі болғандықтан, сабақ Қазақстан Республикасының Гимнімен басталады.

- Балалар, Білім күні мерекелерің кұтты болсын!

- 30 тамыз күні тағы қандай мереке өткенін кім айта алады?

- Әрине, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Бұл қандай мереке екенін сендер білесіңдер. Конституция - еліміздің Ата Заңы.

Оқушылармен тақтада жазылған: Заңды құрметтейміз, Заңды мойындаймыз, Заңды білуге талпынамыз, Рәміздерді мақтан етеміз деген сөздердің мағынасын ашамыз.

І-жұмыс:

Заң деген не?

II.Мағынаны тану.

Сабақ тақырыбын тақтаға жазып, авторымен қысқаша таныстырып,өлеңді мәнерлеп оқу.

Тапсырмалар:

1- Ақын еліміздің заңын қалай дәріптеген?

2- Адамның заңсыз өмір сүре алмайтынын қалай түсіндіреді?

3- Халықтың ізгі арманы не?

4- Ақынның заңды көркем суреттеуін өлеңнен тауып оқып беру.

Көрнекілік ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының балалар ұйымына жеңіл кейбір заң баптары таңдап алынып, жақсы көрінетін жерге ілінсе, сабақ мазмұндырақ болмақ. Мысалы:

34-бап. «2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуі міндетті».

38-бап. «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті».

Оқушылардың жұмыстары қорытындыланады.

III. Ойтолғау.

1-топ. Өз еліңнің заңын құрметтеу дегенді қалай түсінесіңдер?

2-топ. Заңның орындалуын күнделікті өмірден қалай көруге болады? (Бұл сұрақ арқылы балалар білім алуға, демалуға, каникулға шығуға, дәрігерге қаралуға, сыныпта өз ойын ашық білдіруге, т.б. құқылары бар екенін айтады. Заң бойынша балаларға дүкеннен қандай заттар сатып алуға тыйым салынғанын да сөз етуге болады).

3-топ. Заңды білмеуден адам қандай қиындықтарға ұшырауы мүмкін?

4-топ. Мемлекеттік рәміздерді құрмет тұту дегенді қалай түсінесің?

Әр топ өзмәселелері бойынша жеке жұмыс жасап, кіші топта талқылап, сыныпта ойларын ортаға салады. Плакатқа бейнелі түрде немесе басқаша формада мәселені шығармашылықпен шешуге еркіндік беру қажет. Мысалы, рәміздерді қалай білетіндерін көрсету үшін басқа топқа кішігірім тест жасап, Ән ұраннан үзінді айтып, сабақты жандандыру әрекеті құптарлық-ақ.

Бү

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 35 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 135

Похожие материалы