ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ТАМЫР ӨЛШЕУДІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІН ЖИНАУ ӘДІСТЕРІ

Предмет: Физкультура
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Ауырып  ем  іздегенше,  ауырмайтын  жол  ізде»,-деген  даналық  ата сөзі  тегін  айтылмаған.

       Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа  «Қазақстан -2030»  Жолдауына  сәйкес  және  денсаулықты  нығайтуға  ықпал  ететін  орта  құру  арқылы  мектеп  ұжымын  салауаттылыққа  жеткізу-мектептегі оқу  мен  тәрбиенің  дұрыс  жүйелі  жүргізіліп  жұмысына  байланысты. 

Әрбір  бала  мен  ересек  өзінің  денсаулығына  жауапкершілікпен  қарап,  денсаулықты  қалыптастыруда  ұсынылған  шарттар  мен  ережелерді  жемісті игеріп,  өз  мүддесі  үшін  керектігін  түсіне  біліп,  денсаулығының  әрқашанда  жақсы  болуына үлес  қосуы керек.

      Дененің  дамуы  табиғаттың  объектив  заңдарына: организм  және  оның  өмірлік  жағдайларының  бірлігі  заңына,  функция  және  структура  өзгерулерінің  бір  біріне  байланысты  заңына,  ағзада  жайлап  салмақ  пен сана  өзгеру заңы  және  т.б  заңдарға  сүйенеді.  Адам  денесінің  дамуы  жоғарыдағыдай  объектив  заңдар  өзінің  көрінісінде  әрқашан  әлеуметтік  жағдайларға байланысты.  Олардың  көрінісіндегі  әрекет  айналасы  және  формасы  адам  тұрмысының   нақты  тарихи  жағдайлары,  әлеуметтік дамуы  объектив  заңдармен  белгіленеді.

                                                         ІI

     Жүрек  тамыры  жүйесі.  Соңғы жылдарда  ғылыми  әдебиеттегі  мәліметтер  бойынша,  адам  тынысы  мен  жүрек,  қан  тамыры  жүйесінің  ағза  физиологиялық резервіндегі  мәні  ерекше  екендігі  айқындала  түсіп  отыр.  Әсіресе,  мұндағы  қан  айналудың  орталық  органы  жүрек  пен тыныс  алудың  негізгі  мүшесі-  өкпенің  маңыздылығында  сөз  жоқ.  Қанның  барлық  қызметтері  жүрек,  тамыр  жүйесінде  үздіксіз  айналып  жүріп  отырғанда,  айналадағы  табиғат  пен  ағза  арасындағы  байланыс-су,  оттегі,  тағамдар  арқылы  ұдайы  болып  отырады. 

Тыныш тұрған  кезде  жүрек  бір  минутта  70-80 рет,  ал  дене жаттығуы  немесе  денемен  жұмыс  кезінде  180  ретке  дейін  соғады.  Жүрек сондай  үлкен  жұмысты істеуі  үшін оны  шынықтыру  қажет.  Жүректің  бір  рет  жиырылып босауын  жүрек  циклі  дейді,  бұл  ересек  адамдарда  орташа  есеппен  минутына 70-75  рет  болады,  әрбір  циклына  0,8  сек  уақыт  кетеді. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 74 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 87

Похожие материалы