Әдептілік - адам көркі
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Айтмукашева Алтынганым Захарьявна
|
Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Мысалы, уәде беріп, оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «әдепсіз екен» дейді. Онымен басқа адамдар қарым-қатынас жасаудан қашады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.
Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен орын береді. Сөйлескен кезде сен демей, сіз деп сөйлескен жөн. Ол әдептіліктің белгісі болып табылады. Үйде әжелерің, аталарың «Үлкенді сыйла, әділ бол, өтірік айтпа, жалқау болма, кішкентайларға көмектес» деп үйретіп отырады. Міне, осы ереженің бәрін ұстап, бұзбай жүрген бала – нағыз әдепті бала. Егде және сырқат адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен ауыр жүк көтеріп келе жатқан адамдарға жол беру қажет.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 42.5 Kb |
Количество скачиваний: | 63 |