Дербес компьютердің құрылысы мен қолдану мақсаты

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Дербес компьютерлер тұрмыстық, оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп аталатын үш түрге бөлінеді. Тұрмыстық компьютерлер – компьютерлердің қарапайым түрлері (1970-жылдары дайындалған, қазіргі кезде өндірістен алып тасталған БҚ-0010, Ириша, Aplle II, т.б.). Олардың жадтарының сыйымдылығы үлкен емес, орындайтын іс-әрекеттері де шамалы болатын.

80-жылдардың бас кезінен бастап 90-жылдардың бас кезіне дейін оқу орындарында информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқып-үйрену үшін жад көлемі 64,128 Кбайт шамасындағы Корвет, УКНЦ, Ямаха, MSX-1, Ямаха MSX-2, т.б. оқулық компьютерлер пайдаланылып келді.

 

Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын, қазіргі кезде оқу орындары толық қамтамасыз етілген, жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығы үлкен дербес компьютерлер әмбебап және кәсіби дербес құрылғысы – процессорларды шығарумен алғашқы рет дүние жүзінде Aplle, IBM, Intel, т.б. фирмалар айналысқан болатын. ДК-де процессор үшін ҮИС, АҮИС пайдалатындықтан, оны микропроцессор деп атайды. Бұл жұмысқа, әсіресе, IBM, Intel фирмаларының еңбегі көп. Intel фирмасының жасап шығарған түллі үлгілі микропроцессорларын пайдаланып, IBM фирмасы компьютердің түрлі сапалы типтерін дүниеге келтірді. Фирманың компьютерлеріне, типтеріне қарай,  ретімен IBM PC, IBM PC XT, IBM PC AT, IBM PS2, Pentium, т.б. аттар берілген PS (Personal Computer)-дербес компьютерлер XT (extended technology)-кеңейтілген технология, PS (personal system)-дербес жүйе, AT (Advanced Technology)-алынгы технология. Олар әсіресе  IBM PC AT типтес компьютерлер кезінде дүние жүзіне кең таралды. Қазіргі кезде мұндай компьютерлердің Пентиум сияқты жаңа жетілдірілген нұсқалары пайдалануда.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 50 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 126

Похожие материалы