Дидактикалық ойын арқылы қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Маңғыстау облысы.Түпқараған ауданы.Ақшұқыр ауылы. М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Күршеева Еркетай Қуангалиевна Дидактикалық ойын арқылы қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру Мақсаты:. Дидактикалық ойындар арқылы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту..Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру. Ойын-бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады,заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың ойлауын,қиялын,сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе,ал екіншісі ойлау қабілетін,үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді.Сонымен қатар сабақ үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып,отырған сабағына қызығушылығын арттырады, түсінуге мүмкіндік туғызады.Олай болса,ойын түрлері оқушылардың фонетиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Қызығу деп біз бір нәрсеге асыра, артығырақ зейін аударуға бағытталған қатынасты айтамыз немесе бір нәрсемен танысуға, соны зерттеуге, қабылдауға құмарту. Қызығу - адамның білімге құмарту сезімін тудыратын, білім қорын өсіретін, психикалық тіршіліктің мазмұнын байытатын қозғаушы күш.Қай елдің болсын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Себебі қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 48.87 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 93

Похожие материалы