Математика, 1 сынып, «Он көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды пысықтау».

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН 1-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ Бахтиярова М.Б. «№22 жалпы орта білім беру мектебі» ММ Бастауыш сынып мұғалімі   Сабақ тақырыбы: Он көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды пысықтау. Сабақ мақсаты: Он көлеміндегі сандарды қосу мен азайтудың тәсілдерін тиянақтау. Сабақ міндеттері: 1.     Білім мазмұнын толықтыру. 2.     Математикалық ой- өрістерін, ойлау қабілеттерін дамыту. 3.     Тапқырлыққа, шапшаң ойлауға, көркем жазуға баулу. Сабақ түрі: аралас сабақ Әдістер: сұрақ-жауап, талдау, есептеу, салыстыру Көрнекілігі: флипчарт, видео, суреттер, сандар Қолданылатын құрал: интербелсенді тақта Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.         Психологиялық дайындық. Қуан, шаттан, қуан, шаттан, Қуанатын күн бүгін! Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! ІІ. Мақсат қою. -         Құрметті балалар, бүгін біз циркке саяхат жасайтын боламыз. Саяхаттацирктегі аңдардың, акробаттардың, шабандоздардың, сиқыршылардың  өнерлерін тамашалайтын боламыз. Дайынбыз ба? ІІІ. Негізгі бөлім. -  Күлегеш мысықтың өнерін көру үшін цифрларды әдемі жазып өтейік. (1,2,3,4,5        6,7,8,9,10) (Флипчарт, 1-бет) - Тамаша. Келесі сайқымазақтың өнерін тамашалау үшін ауызша есептерді шығарып көрелік. (Флипчарт, 2-бет) - Ал, балалар, енді математикалық жұмбақ шешіп көрелік, бұны бізге сайқымазақ жіберіпті. 1) Мұратта бар бес іні, Маратта бар бір іні. Қоссақ 5 пен 1-ді Болады сонда неше іні? (5+1=6)   2) Табақта бес өрік, Қолымда бес өрік. Барлығын қосқанда Болады неше өрік? (5+5=10)   3) Он асықтың бесеуін Досың сұрап алады, Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады? (10-5=5)   4) Алма ағашта 7 алма, Қандай тәтті жесе алма. Бесеуін мен жеп қойсам, Қалады сода неше алма? ( 7-5=2)   - Өте жақсы, келесі кезекте биші өнерпаздармен би билеп, бойымызды сергітіп алайық. (Сергіту сәті – видео) - Сергіп алсақ, саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз. Велосипедші аюдың өнерін тамашалау үшін «Дұрыс шешуін тап!» тапсырмасын орындап көрелік. (Флипчарт, 3-бет) - Оқулықтағы 146-беттегі 4-есепке қарайық. Өздігімізден шығарып көреміз. «Өрісте 10 қозы және одан 3-еуі кем лақ жүр. Өрісте неше лақ жүр?» (Флипчарт, 4-бет)  ІҮ. Бекіту. Тест орындау (слайд арқылы) Ү. Бағалау. ҮІ. Үй тапсырмасы: 1. 5-есеп, 147-бет.                                     2. Мәні 9, 10-ға тең болатын өрнектер құрастыру. ҮІІ. Қортынды.          - Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Несімен қызықты болды? Қай кейіпкердің тапсырмасы ұнады?          -  Осымен  сабағымыз аяқталды, рахмет...
Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 7.69 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 125

Похожие материалы