Диктантты дұрыс жүргізіп жүрміз бе?

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сырттан қарағанда диктант жүгізуден оңай нәрсе жоқ сияқты.

«Оқисың да жаздырасың, онда тұрған не бар?» деп ойлайды кейбір әріптестеріміз. Шынында да солай ма? Оқып жаздыра салумен іс біте ме? Диктант мәтініне, диктант жүргізуге ешқандай талап қойылмай ма? Әлде диктант жүргізуде әдістемелік шеберліктің қажеті жоқ па ?

 

          Диктантты нағыз сабақ деп есептемейтін, тіпті оны сабақ қатарына жатқызбайтын мұғалімдерде кездеседі. Олардың түсінігінше диктантты толық мәніндегі сабаққа жатқызу қиын. Сонда диктантты сабақ қатарынан шығарып тастауымыз керек пе? Жоқ олай етуге болмайды. Диктант та сабақ. Өзіндік ерекшелігі бар сабақ. Өзінің өткізілу тәсілі жағынан да, дидактикалық мақсаты жағынан да өзгеше сабақ. Белгілі әдістемеші ғалымдардың сабақты дидактикалық мақсатына қарай бірнеше түрге бөліп жүргені белгілі. Ал, диктант  жазбаша  бақылау-тексеру сабағына жатады. Сонымен бірге диктантты өзінің алдына қоятын мақсат, мазмұны жағынан қайталау, жинақтау немесе білім сапасын анықтау сабағы деп те атауға болады. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.78 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 106

Похожие материалы