Діни секталар

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Баймағамбетова Рыскүл-Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,№3 мектеп-интернатының тәрбиешісі.

Тақырыбы: Діни сектаралардың бала өміріне қауіптілігі.

Мақсаты: Көптеген діни ағымдардың пайда болуына байланысты адамның сана сезімін улайтын теріс бағыт беретін діни секталардан бойын аулақ ұстау керектігін, Елін, жерін сүйетін, Отанын, тілін, ата-бабасының дінін қастерлей білуге баулу.

Сабақтың әдісі: пікірталас сұрқ-жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, видео фильм

Жоспары:

1.Қонақтарды қарсы алу.

2.Кешті ашу. Р.Баймағамбетова. Видео фильм

3.Мұсылман сипаты. Слайд

4.Пікірталас

5.Сергіту сәті

6.Оқушылардын қонақтарға қоятын сұрақтары

7.Қорытынды

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, ұлағатты ұстаздар, құрметті оқушылар! «Діни секталардың бала өміріндегі қауіптілігі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Кез келген азаматтардың елдің қамын, болашағын, мемлекеттік тұтастығын, ынтымақтастығын ойлағансаналы тұлғаны толғандыратын мәселесі екені белгілі. Осы орайда көкейімізде жүрген сұрақтардың жауабын табуға көмектесетін қонақтарымызбен таныстырайық. «Алты ата» мешітінің бас имамы Омаров Сәйділлә. Мешіттің бас имамы- Ашимов Жеңіс.

Жүргізуші: Әр ата-ана өз баласының мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы , еңбекқор, ата салтын , ана тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата-аналық міндеті екені белгілі.Соның ішінде баланың жат қылықтардан аулақболуын қадағалауымыз керек.

М.Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөзінде терең ой жатқаны белгілі. Осы орайда ұлағатты сөзгебайланысты Рыскүл апайымызға

сөз берсек

Жүргізуші: Ендігі кезекті оқушыларымызға беріп, мұсылман сипатынан ой қозғасақ

Нұргүл: Кім де кім бауырының осы дүниедегі бір уайымынан құтылуына себепкер болса, Аллаһ тағала қайғы мұңдарының бірінен құтқарады.

Кім де кім қарызданып, қысылған адамға түсіністікпен қарап жеңіодетсе, екі дүниеде де жеңілдетеді.

Жүргізуші: Кештің тартымды әрі қызықты өтуі әрине сіздер мен біздерге байланысты, сондықтан ой-пікірімізді ашық айтайық. Жастық шақ өзгерістер белеңі, қоғамдық өмірдің маңызды орындарына ие болу кезеңі. Дүние есігін ашқан ата-анасының жанында еркін өскен жас буын уақыт өте келе өмірге бейімделеді. Көпшілікті мазалайтын бірнеше сұрақтарымызға жауап алу мақсатындаоқушылармен пікір алмасайық.

Сұрақ: Діни секталардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?

Басқа елдерден келген діни конфессиялардың Қазақстанға үгіт насихат

жұмыстарын жасаудағы мақсат не?

Олардың іс әрекеті мемлекеттің заңдарына қайшы емес пе?

Діни секталардың түрлері жөніндегі өз ойларыңыз

Сергіту сәті:

Көзді жұмамыз, терең демалып, бірден онға дейін жай санаймыз. Бірте-бірте босаңсимыз. Таудан аққан сарқыраған су, айнала жап-жасыл көк майса шөп , жасыл көкалда өте үлкен ауа шарын елестетейік. Сіз барлық өз проблемаларыңызды шар кәрзеңкесіне саламыз, Кәрзеңке толғанда шардың жібі шешіліп, ол жайлап биіктік алады. Шар бірте-бірте алыстап айналады, әрі сіздің проблемаларыңыздың жарты жүгін алып кетеді. Сіздің ойыңыз

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылардың қойған сұрақтарына мән беріп, жауап береді дегеноймен балаларға сөз берсек

Оқушылардың қонақтарға сұрақтары:

-Қызылорда облысында осындай діни секталық ұйымдардың құқық қорғау органдарының басшылығымен тіркеуге алынғандары бар ма?

-Осы секталық ұйымдардың бала өміріне қауіптілігі

Кешімізді қорытындылай келе сөзкезегін Рыскул апайға берейік.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.77 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 119

Похожие материалы